ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ВЕЛОСИПЕДТЕРІҢІЗГЕ САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

13:10, 14 мамыр 2020

Күн жылына қала көшелерінде велосипед мініп жүйткіген жүргіншілер жиі көзге түседі. Шайтан арбаға еңбектеген жастан еңкейген кәріге дейін құмартады, десек артық айтқандық емес. Осы ретте, велосипедке қол жеткізудің оңай жолын іздейтін арам ниеттілер де көбейеді. Мәселен, жыл басынан бері велосипед ұрлығының 30 фактісі тіркеліпті.

Көшеде велосипедпен келе жатқанда полицейлер тоқтатса бұған таң қалмаңыз. Тәртіп сақшылары шайтан арбаның тіркеу нөмірлерін сұрап, тексереді.  Күн жылынғалы бері 300 велосипед тексеріліпті. Олардың ішінде ұрланған велосипедтерді мініп жүргендер де кездескен. Айта кетейік, жыл басынан бері велосипед пен  скутерлерді ұрлаудың 31 фактісі тіркелді. Ұрланған екі аяқты көліктерді сатып алатындар да бақылауда.  Велосиптедті жалға беретіндер мен базарлар тексеріледі. Одан бөлек, түсті металды қабылдау орындары да полицейлердің жіті назарында.  Статистикалық мәліметер көрсеткендей, көп жағдайда көліктерін қараусыз қалдырып кететін велосипедшілердің өздері кінәлі. Полицейлер болса велосипедшілерге көліктерін есік, подъезд алдында қараусыз қалдырмауға, бөтен адамдардан велосипед сатып алмауға кеңес берді. Себебі, ол үшін  айыппұл мен жаза қарастырылған.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар