ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Үздік сарбаздар марапатталды

12:45, 7 мамыр 2022

Ұлттық Ұланның 6679 әскери бөлімінде мерекелік шара өтіп, үздік сарбаздар марапатталды. Әскери бөлім қызметкерлерін ардагерлер де құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Ортаға ту енгізіліп, жауынгерлер салтанатты сапқа тұрғызылды. Келісімшарт қызметкерлері мен қатардағы жауынгерлер қалыпты сапқа тұрған соң әскери бөлім командирі құттықтап сөз алды.

Арман Пернеұлов, 6679 әскери бөлімінің командирі:

Еліміздің өркендеуі біздің қолымызда құрметті офицерлер, сарбаздар. Отанның өрлеуіне үлес қосуға тілектеспін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мерейтой құтты болсын!

Шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы  да қатысып, жас сарбаздарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Жас жауынгерлерге ата-аналар атынан да құттықтаулар жеткізілді. Әрмен қарай, Отан алдындағы борышын үздік атқарып жүрген жауынгерлер мен келісімшарт қызметкерлері марапатталды. Мақтау қағаздары жиыны 50 сарбаз бен келісімшарт қызметкерлеріне табысталды.

Әскер бөлімде мәдени-патриоттық шаралар көптеп өтіп тұрады. Десе де, бүгінгі күннің жолы да, жөні де бөлек.

Амангелді Жолшиев, 6679 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік топ бастығы:

Атап өткен іс-шараларпымыз бүгінгі Отан қорғаушылар күніне және жеңістің 77 жылдығына арналады. Офицерлеріміз, келісім-шарт қызметкерлеріміз, сарбаздардың патриоттық сезімдерін ояту. Ата-баларымыз осынау ұлан-байтақ жерді тастап кеткен. Соларды еске алу деп осындай іс-шаралар өткізіп тұрамыз.

Салтанатты шара әрмен қарай концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар