ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҰШАҚ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ

12:04, 14 мамыр 2020

Елдегі төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін ішкі авиарейстер ретке келтіріле бастады. 12-мамрыдна бастап күшейтілген санитарлық талаптарды қолдана отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да бағыттар бойынша әуе рейстеріне рұқсат етілді. Біздің түсірілім топ карантиннен кейін Алматыдан алғашқы болып жеткен жолаушыларды қарсы алды.

Павлодар әуежайы өз жұмысын ұзақ үзілістен кейін қайта бастады. Мұндағы жұмыс та бұрынғыдай емес, өзгерістер бар. Санитарлық шаралар күшейтілген. Жаңа кесте арқылы рейстер жүргізіледі.

Ескендір Жандәулетов, «Павлодар әуежайы» АҚ төрағасы:

Қазіргі уақытта билеттер тек онлайн түрде сатылуда. Әзірге жағдайға байланысты осылай болады. Әуежай да бүгінгі күннен бастап жұмыс істей бастады. Бүгін алғашқы рейс.

Бұл ұшақ Алматыдан дәл белгіленген уақытта жетті. Оларды санитарлық қызмет саласының мамандары күтіп алып, Алматыда толтырған сауалнамаларын жинап алды.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Ішкі әуе қатынасы жанданды. Дәл қазір Алматы қаласынан Павлодарға 108 адам ұшақпен ұшып келді. Жолаушылардың жағдайы қалай? Бірге білетін боламыз.

Адамдардың бірі үйлеріне оралса, бірі ата-аналарының жағдайын біліп қайтуға келген. Қарсы алушылар мен шығарып салушыларға әуежайға кіруге тыйым салынады. Олар жақындарын сыртта күтеді. Әуежайда мамандар жолаушылардың дене қызуын өлшеп жатыр. Кері қарай ұшатын 108 адамға да осындай тексеріс жүргізіледі. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ғимаратқа кірер алдында азаматтардың құжаттары мен тізімде болуын тексереді.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Енді Павлодардан Нұр-Сұлтан бағытына ұшақ аптасына үш рет, ал Алматыға 21 мамырдан бастап күнделікті қатынайды. Әзірге шет елге шығуға рұқсат жоқ.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар