ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЕРЛІК

19:25, 6 мамыр 2021

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінде естелік тақта ашылды. Мемориалды ескерткіш сұрапыл майданда от пен оқ кешіп кешіп келгеннен кейін аталған салада қызмет еткен ардагерлерге арналды. Игі шара Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орайластырылды.

«Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік». Жеңісті жақындатып, отан үшін от кешкен 24 ердің есімі қашалған мемориалды тақта дәл осылай аталды. Ел іргесінің беріктігін соғыс кезінде ғана емес, бейбіт күнде де қорғаған жандарға арналған естелік тақтаны ашу салтанатына тыл еңбеккерлері, ұлттық қауіпсіздік комитеті органының ардагерлері мен олардың туыстары қатысты.  Ескерткішті ашу құрметі Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бастығы, генерал-майор Нұрғанат Манжуов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Мұхаметқали Жантеміровке бұйырды.

Мұхаметқали Жантеміров, ҰҚК органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник:

Амандық болса ертең үлгі, жастарға да  үлгі келе жатқан қызметкерлерге үлгі. Өте бір ерекше деп ойлаймын.

25 жыл ұлттық қауіпсіздік комитетінде еңбек еткен Еркін Ғабдынәсірұлы аталған ескерткішті ашу идеясын ұсынып, іске асыруға ат салысқан азамат. Ардагер осыдан жарты ғасыр бұрын еңбекке алғаш аяқ басқанда алдымыздағы аға буынның жартысынан көбі  отан соғысының жауынгерлері еді дейді. Жастарға қамқорлық танытып, қанатының астына алып тәрбиелегенін сағынышпен еске алды. 

Еркін Баяндин, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері:

Қалышбеков Бекен Сарбасұлы деген Баянауылдың азаматы. Соғыста 3 рет жаралы болған. басынан аяғына дейін қатынасқан азамат. Сол кісінің 10 жылдан аса кабинетте бірге отырдық. Арынғалин Құмарбек деген азаматпен көрші тұрдық. Міне осы азаматтардан үлгі алдық. Олар біздің департаменттегі адамгершілік дәстүрді, қазақтың дәстүрін бәрін сол кісілер салып кетті деуге болады.

Екатерина Суворова - 7 сынып оқушысы. Арғы атасы, майор Иван Суворов осыдан 47 жыл бұрын о дүниелік болған. Атасының көзін көрмесе де  әке-шешесінің  әңгімесі бойынша мәліметке қанық. Жеткіншек үшін мемориалдың ашылуы ерекше мәнге ие, зор мақтаныш.

Екатерина Суворова, Иван Суворовтың шөбересі:

Менің ойымша, осындай ескерткіштердің ашылғаны өте жақсы. Жас ұрпақ бейбіт аспан астында, бақытты балалық шағының кімнің арқасында өтіп жатқанын біліп жүруі үшін керек. Көзі тірі ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. 

Келелі іс мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Аталған ескерткіш енді соғыс батырлары мен олардың ұлы ерліктерін ұрпақтың есіне  мәңгілік салып тұратын болады.

 

Гүлсара Мәлікова, Дәулет Қошқарбаев «Ертіс ақпарат»

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...