ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ұмытылмаған қаһармандар

12:33, 7 мамыр 2022

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды. Бірақ 1941-1945 жылдары ерлік көрсетіп, тиісті құрметіне ие болмаған жандар қаншама. Олардың соғыс алаңында жасаған ерлігін бүгінгі ұрпаққа насихаттау, лайықты құрметке қол жеткізу ұзақ уақытты қажет етеді. Осындай жұмыстармен «Ұмытылмаған қаһармандар» республикалық жобасы айналысады.

Берік Әбдіғалиевтің редакциясы Ұлы Жеңіс туралы барлық материалдарды «Ұмытылмаған қаһармандар» кітабына жинаған. Бұл кітапта 133 қазақстандық ардагердің еңбегі мен ерлігі жазылған. Олар Кеңес Одағының батыры марапатына ұсынылды.  Қазір жоба үш бағытта жұмыс жасайды.   Мақсаты – кезінде ерлігі еленбей қалған майдангерлердің есімін кейінгі ұрпаққа дәріптеу.

Сапаргелді Әбдірашев, «Ұмытылмаған қаһармандар» жобасының үйлестірушісі:

Біздің проектіміз. 10 батырымыз Павлодардан шыққан. балалармен насихат жұмыс істеп жатырмыз. Орталық архивтен құжаттарды алып, Халық каһарманы мына батырларға беру.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар