ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІС ҰРПАҚҚА АМАНАТ

10:53, 27 наурыз 2020

Жеңістің 75 жылдығына 44 күн қалды. Осы ретте екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсетіп, жанқиярлық танытқан батырларымыз жайлы айтуды жалғастырамыз. 3-дәрежелі даңқ орденінің иегері, Аққулы ауданының тумасы Сбәтілғазы Иманханов, көзі тірі болса биыл 101 жасқа келер еді.

Сбәтілғазы Иманханов, 1919 жылы Аққулы ауданы, Шарбақты ауылында қарапайым шаруаның шаңырағында дүниеге келген. 1936-1939 жылдары «Алтын аспан» атты колхоздың құрылуына үлкен үлесін тигізді. Сбәтілғазы Иманханов екі бірдей соғысқа қатысқан адам. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Фин соғысына қатысады. Одан кейін Екінші дүниежүзілік соғысты басынан аяғына дейін өткеріп, 1946 жылға дейін Украина жерінде болды. Елге аман-есен оралған соң, шаңырақ көтеріп шаруашылыққа ден қойды.  

Қайыргелді Иманханов, соғыс ардагері С.Иманхановтың баласы:

Біз ес білгелі соғыстың қалай болғанын, қандай нәрсе болғанын ол кісі көп айтпайтын. Оны сендерге Алла Тағалам көрсетпесін. Енді соғыс болмасын деп тілеп отыратын. Есімізде көп, ол кісінің тәрбиесі, айтқан сөздері осы күнге дейін құлағымызда.

Ауылда арба, соқа соғып ұсталықты жандандырды. 1980 жылдары зейнетке шыққанша, мал шаруашылығында еңбек етті. Жұмысқа бейім, шаруақор адам болған. Жұбайы Шайжамал Ахметжановамен 60 жыл отасып, 9 бала тәрбиелеп өсірді. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере-шөбере сүйді.

Қадиша Иманханова, соғыс ардагері С.Иманхановтың келіні:

Өте жақсы адам болды атамыз. Мысалы, өз басымды қатты жақсы көретін атам. Қаздарынан кем көрген жоқ, артық болмаса. Үндемей, ақылмен, ақырын ғана бір артық сөзі жоқ, әрқашан сыйлап, ботам, құлыным, қазым деп сыйлап өтті. Міне, 41 жыл ол кісілерге келін болдым.

1945 жылы Морова өзені бойында қарсы келген 9 фашисті жалғыз өзі жайратып, жау қолындағы жерді азат етті. Осы ерлігі үшін 3-дәрежелі даңқ орденімен марапатталды. Сбәтілғазы Иманханов 2012 жылы 93 жасында дүние салды. Бала-шаға ұрпақтары жылда батыр аталарын еске алып, дұға бағыштайды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...