ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ МҰРАСЫ

14:18, 23 қаңтар 2020

Семей қаласынан Абай Құнанбайұлының 100-ге жуық экспонаттары әкелінді.

Бұл жылжымалы көрме Ертіс-Баян өңірінде алғаш рет ұйымдастырылуда. Ақынның туған жерінен келген жәдігерлерді тамашалауға келген көрерменнің қарасы қалың. Аталмыш іс-шара, ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Шара барысында әдебиеттанушылар мен ақын-жазушылар сөз сөйлеп, жас балалар ақын Абайдың өлеңдерінен үзінді оқыды. Бұл көрменің ерекшелігі ондағы заттар Абайдың өзінің тұтынған дүниелері. Абай өмірі мен оның әулетіне қатысты портреттер, фотосуреттер, мүсіндер, киімдер, кілемшелер және басқа да заттар бар.  Сондай-ақ Абайдың Семейдегі тарихи-өлкетану музейіне өз қолымен табыстаған ақынның алақан табы қалған құнды жәдігерлер келіп отыр. Музей қызметкерлері келген көрермендерге дала данышпаны Абайдың өмір жолы мен шығармашылық айналасы туралы мағлұматтар береді.

Қуат Қиықбай, Жидебай-Бөрілі мемлекеттік қорық музейінің аға қызметкері:

Бұл көрменің тағы да бір ерекшелігі Абай музейінің қорында мыңнан аса картина болса, соның бірі әрі таңдаулыларының бірі Жас Абай картинасы алғаш рет жылжымалы көрмемен келіп отыр. Бұл суретші Шәрденовтың шығармасы. Бұл киелі Кереку халқына арнайы ұйымдастырылып отырған көрмедегі біздің маңыз беретін үлкен акцент беріп, атап өтетін дүниеміз осы деп айтуға болады.

Жылжымалы көрмелердің мақсаты – ел болашағы балалар мен жастардың бойына Абай рухын сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Көшпелі көрмеге келгендер «Абай әлі де насихатталуы» керек дегенді айтады. Әсіресе өскелең ұрпақ ұлы ақын туралы білуі тиіс. Ақпараттық технология заманында оның шығармаларын насихаттап, заманауи әдіспен ұсынуға көп көңіл бөлінбек.

Динара Опабекова, Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы:

Біз білетініміз Абай әр уақытта өзіңді таны деп шықырады. Сол себептен, оның қара сөздерінің өзін философиялық терең ойын зерттеу үшін, әр уақытта біз Абайдың сол кездегі жазған даналығына сүйенеміз. Міне осы Ахмет Риза медресесінде оқып жүргенде де Абай әрбір шығыс ғалымдарының даналығын оқып, өзіне жазып алып отырған екен. Керек ақыл-ойды кейін дамытқан. Міне, осындай оқу жазбалар бүгінгі күнде ұсынылып отыр.

Айта кетерлігі, жылжымалы көрме шаһарымызда 12-ші ақпанға дейін жұмыс істейтін болады. Ары қарай Қызылорда қаласына жол тартады.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЖҰМАСЕЙІТ БИЖАН 80 ЖАСТА
14:06, 25 ақпан 2020
ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЖҰМАСЕЙІТ БИЖАН 80 ЖАСТА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...