
Кәсіпкерлік дамытудың ұлттық жобасы аясында биыл 222 жобаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Оның 211-іне қазіргі уақытта көмек көрсетілген. Шағын және орта кәсіпті қолдаудың өзге де шаралары жөнінде алдағы материалымызда.
Портфельдік субсидия және кепілдік беру бойынша шағын және орта кәсіп субъектілер 6 пайыздық мөлшерлемемен кредиттелетін болады. Несие көлемі 20 млн теңгеге дейін. Уақыт мөлшері 3 жылға дейін. Екінші бағыт бойынша несие 5 жылға дейін беріледі. Берілетін сома 3 млрд теңгеге дейін. ЕРНҰР Ернұр Жәутікбаев, кәсіпкерлік және индустриялық-инновация басқармасының басшысы?
Сондай-ақ, мемелкеттік гранттарды беруге 89 млн теңге бөлінді. Шарты болып табылады. Грант сомасы бес млн теңгеге дейін өтеусіз. Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі 18 айдан аспайды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін: грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру, жаңа жұмыс орындарын құру; жобаны іске асыру үшін инфрақұрылымның болуы және/немесе жеткілікті инфрақұрылым құру бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.
Жас кәсіпкерлер арасында байқау өтіп, 7 жеңімпаз анықталған. Оларға 32, 6 млн теңгенің гранттары берілген. Келесі байқау биылғы жылдың қыркүйек айында өтеді.
Ернұр Жәутікбаев, кәсіпкерлік және индустриялық-инновация басқармасының басшысы?
Құжаттарды қабылдау және жобаларды бағалау QOLDAU ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер үйден шықпай-ақ өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алад.
Инфрақұрылыс бойынша да мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде. 4 жобаның инфрақұырылмын жүргізу үшін 4,6 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат су бұру, сумен, электрмен, жылумен жабдықтауға жұмсалып, реконструкция жүргізуге пайдаланылады.
Ернұр Жәутікбаев, кәсіпкерлік және индустриялық-инновация басқармасының басшысы:
Сонымен қатар, жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау аясында 400 АЕК дейінгі гранттар беріледі. Бұл мақсатқа шамамен 1,6 млрд теңге қаржыландыру қарастырылған. Бүгінгі таңда 156,5 млн теңге сомасына 123 грант берілді. Гранттар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін өтеусіз негізде берілетінін және биылғы жылы ең жоғары сома 200-ден 400 АЕК-ке дейін көтерілген.
Биылдан бастап үміткерлер ұлттық жоба шеңберінде грант алу үшін тіркеледі және business.enbek.kz порталы арқылы өтінім береді. Сонымен қатар, өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жұмыс істеуде. Оны іске асыруға 1 млрд теңге бөлінген.
Жанасыл Серікбол