ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ультрамарафон басталды

17:52, 4 шілде 2022

Аймақта «Балалар жылына» орай ультрамарафон басталды. Велошабандоздар мен жүгірушілер шілде айының 16 на дейін аудандарға барады. Шараның мақсаты-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Тәң сәресінен салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар облыстық «Аманат» партиясының алдына жиналды. Маршрут қалыптастырып, орталық көшелерінен жүгіріп өтіп, мәңгілік даңқ ескерткішіне тоқтады. Одан кейін олар Шарбақты ауданына жүгіріп барады. Марафонның белсенді қатысушысы Өміржан Ошанов спорттығ жүгіру және жүзу түрін ұнатады. Марафонға арнайы Шарбақты ауданынан келді. 61 жастағы ақсақал  түрлі марафондардың қатысушысы. 2016 жылы еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдыға арнап Шарбақты-Павлодар-Монғолия вело шеруіне жалғыз қатысты.

Өміржан Ошанов, Шарбақты ауданы оқу бөлімінің дене шынықтыру әдіскері:

2002 жылдан бастап мемлекеттік мекемелерден 10 шақырымдық жерлерден жүгірумен бастағам. 2014 жылы ҰОС 70 жылдық мерейтойға арнап Ертіс өзенді 70 шақырым жерді жүзіп өттім. 2015 жылы одан кейін ҰОС на70 жылдығы Шарбақты-Павлодар-Мәскеу велошеруін сәтті аяқтадым.

Жүгірушілердің қатарында полиция қызметкерлері де бар. Есірткі бизнесімен күрес жүргізу басқармасының қызметкері Ирина Темірғалиева күнделікті спортпен шұғылданады.  Ол қызметтік форманы спорт киіміне  ауыстырып, марафонда жүгіреді.

Ирина Темірғалиева, ПД бөлім басшысы:

Мен кикбоксинг бойынша  Қазақстан және Ресей елінің спорт шеберімін. Сондай-ақ, Салауатты өмір салты қозғалысының мүшесімін. Көптеген жарысқа қатысамын. 5 жыл бойы түрлі қашықтықта жүгіремін. Бүгін басталған ультрамарафон өте маңызды. Себебі, осы ісімізді жас ұрпаққа үлгі  ретінде көрсетуіміз керек.

60 жастағы Евгений Белов банк қызметкері. Ол да бұл бастамадан қалыс қалмай, белсенді қатысты.

Евгений Белов, банк қызметкері:

2016 жылдан белсенді түрде жүгіре бастадым. Көбінесе марафондарда жүгіруді ұнатамын. Мен жүгірген ең ұзын қашықтық бұл 107 шақырым болды.

Марафон шілденің 16 на дейін жалғасады. Қатысушылар 800 шақырым жерді жүгіріп өтуі  тиіс. Айта кетейік,  шараны «Аманат» партиясы ұйымдастырған.  


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...