ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тапсырды

22:50, 16 маусым 2021

Қыркүйек айына дейін облыс халқының 60 %-ы вакцинациялануы тиіс. Бүгінде бұл көрсеткіш 13 %- ға жуықтады. Екпе егу жұмыстарын ширату үшін жұртты екпе алуға ынталандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вакцина салдыруға мәжбүрлеу бар ма? Бұндай жағдайда қайда барып шағымдану қажет? Жауабын алдағы материалдан біліңіз.

Бүгінде 18 жастан асқан облыс халқының 16,5 проценті вакцинаның 1-компонентін, ал 9,9 проценті екпенің екі бірдей копмонентін алып үлгерді.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Жалпы осы бірінші компоненттің келіп түскен көлемінен 97 114 адам 1 компонентті қабылдады. Екінші компонентті 58 256 адам қабылдады. Жаппай имменитетті қалыптастыру үшін халықтың алпыс пайызы екпені алу қажет. Бүгінгі күні сандарға келіп тоқталатын болсақ, олардың көрсеткіші 12,93 % - ды құрайды. Барлық жалпы санына есептегенде.

Басқарма ақпаратынша, әсіресе, Аққулы және Май аудандарында вакциналау қарқыны төмен. Екпе алушылар саны аз.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Қала мен аудандарға тоқталатын болсақ, әрбір аудан халқының 60%-ы вакцинациялдануы есептелген. Сол көрсеткіштерге сәйкес, бірінші орында бүгінгі күні Успен ауданы. 37%-ды құрап жатыр. Ең төменгі көрсеткіш қойылған жоспарға сәйкес Ақсу ауданы болып табылады. 16,6 %-ды құрайды.

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі әкімдіктерге халықты коронавирусқа қарсы екпе салдыруға ынталандырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бірақ бұл мәжбүрлеу дегенді білдірмейді. Мемлекеттік қызметкерлерге вакцина салдыр немесе анықтама тапсыр деген талап бар көрінеді. 

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Бізге денсаулық сақтау министрлігі жоспар қойған. Осы қыркүйек айына дейін халықтың кемінде 60 %-ы екпе алуы тиіс деген. Енді жұмыс берушілер жағынан жұмыскерлерге бірталай қысым көрсетіліп жатыр екен. Негізі ондай талап жоқ. Бұл адамның ерікті таңдау болып саналады.

Павлодар облысының халқы ресейлік «Спутник V», отандық «QazVac», араб «Hayat-Vax» және қытайлық «CoronaVac» дәрілерімен егілуде. Соңғы вакцина өңірімізге жақында жеткізілді. 

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...