ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

#ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ

18:36, 3 сәуір 2020

Павлодар облысының аумағында қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілді. Олардың бірі 22:00-ден кейін тұрғындардың пәтер мен үйден шығуын шектеу. Тұрғындардың жақын маңдағы дәріхана мен азық-түлік дүкендеріне баруына болады. Ал, жағалау, саябақтар сияқты қоғамдық орындарда жүру шектелді.

COVID-19  вирусы таралуының  алдын алу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде. Облыс аумағынан тыс жерлерге көлік қозғалысының кіріп-шығуы шектелді. Ал, тұрғындар   болса өзін-өзі оқшаулау арқылы қауіпті індеттің алдын алуы керек.  Енді бұдан былай көшеде жүретіндердің қарасы азаяды. Елде қауіпті індеттің таралмауы үшін Үкімет қабылдаған шешім осындай. Халықтың денсаулығы басты назарда болғандықтан, сақтық шараларын барынша қолдау қажет. Еріктілер төтенше жағдай кезінде үйде болуды ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал, қала тұрғындары 22:00-де үйден шықпауға дайын.  Қала тұрғындары төтенше жағдай кезінде сыртқа шықпауды қолдап,  үйде боламыз деп сендірді. Рейд барысында тәртіп бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, Ерғали  РАМАЗАНҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...