
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіп орнатуда жан аямай еңбек етеді. Елдің тыныштығын қамтамасыз етіп, тәртіпті қадағалайтын учаскелік инспекторлардың жүктемесі көп, міндеті ауыр.
27 жастағы Бейбіт Серкенов Павлодар қаласының №11-ші учаскелік бөлімшесінің инспекторы. Жоғары оқу орнын бітіргенне кейін 2019 жылы полиция қызметіне орналасты. Біз түсірілім топпен аға лейтенант Бейбіт Серкеновтың бір күндік жұмысымен танысты.
Одан кейін есепте тұрған отбасыларға барады. Алдын ала жұмыстарын өткізіп, жағдайларын біледі. Бейбіт қаламыздың орталық көшелерінде кезекшілік етеді. Оның құзырында 20 көпқабатты тұрғын үй бар. Күн сайын тұрғындардан 10нан аса шақыру түседі. Оның айтуынша, жұмыстың қызығы мен қиыншылығы қатар жүреді.
Екінің бірі учаскелік инспектор бола алмайды. Көбісі жұмыстың ауыртпашылығына шыдамай, басқа жұмысқа ауысып жатады. Кейіпкеріміздің сөзінше, инспектор болу үшін әуелі шыдамдылық, сабырлық пен табандылық қажет.
Әйгерім Тоқпанқызы