ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

18:50, 3 сәуір 2020

Павлодардағы түзеу мекемелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары күшейтілді. Ал жазасын өтеушілер өз жақындарымен тек онлайн байланысқа шыға алады.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты түрмедегі кездесулер онлайн тәртіпке көшірілді. Яғни, сотталушылардың ет жақындарымен кездесуіне шектеу қойылған, олар тек веб-камера арқылы сөйлесе алады. Жазасын өтеушілер онлайн байланыс арқылы туыстарын көріп, сағыныштарын басуда.  

Айдар, жазасын өтеуші:

Бұл тәсіл – ыңғайлы. Бұрын кездесуге мүкіндік болатын. Қазір короновирусқа байланысты төтенше жағдай ғой. Сондықтан, осындай онлайн тәсілмен сөйлесеміз. Бір-бірімізді экраннан көріп, телефон арқылы сөйлесеміз. Өз тума-туысқандарыңмен қандай да бір қарым-қатынаста болғың келеді ғой. Анамның дауысын естіп, жүрегім жылып, біраз қуанып қалдым.

Сотталушымен онлайн байланысқа келген адамдар үшін бөлек бөлмелер дайындалған. Бұл шаралар кеселдің таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынды дейді мекеме басшылары. АП 162/1 мекемесінде 300 тарта сотталушы жазасын өтеп жатыр. Мұндағы қызметкерлер мен сотталушылардың күнделікті дене қызулары өлшеніп, бақылауға алынған. Сондай-ақ кіреберіс қақпалар мен бақылау-өткізу пункттері, нысанның ішкі бөліктері түгелдей дезинфекциялық өңдеуден өткізіліп жатыр. Тазалық жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар мен ерітінді қоры жеткілікті дейді мамандар. Сондай-ақ, қызметкерлер мен сотталушыларға түсіндіру жұмыстарына кеңінен жүргізілуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...