ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тұрғындар: Жылуға жарымай отырмыз

18:39, 20 қаңтар 2022

Павлодарда жылуға жарымаған тұрғындар шу шығарды. Айтуларынша, көп қабатты үй салынғалы бері жылу қажетті мөлшерде берілмеген. Тұрғындар мұңын айтып барамаған жері, кірмеген кабинеті қалмапты. Тіпті, Президент әкімшілігіне дейін хат жазған. Бірақ, нәтиже жоқ. Бұған басты себеп, қос бірдей ықшам аудан бір ғана жылу магистарльіне қосылуында,-деп болжап отыр тұрғындар. Қыс басталса бүрсең қаққан қараша енді кімнен сөмек сұрарын білмей дал.

Сағадат Қаниевтің бұл үйге көшіп келгеніне 10 жылдан асқан. Алайда, қыс болса, осылай күнелтуге мәжбүр. Өйткені жылу мардымсыз берілгендіктен, үйде қалың киініп жүреді.

Сағадат Қаниев,Павлодар қаласының тұрғыны:

Біз шағым жасадық. Бірақ, нәтиже бүгінгі күнге дейін жоқ. Сол қалпы. Акиматқа да шағымдандық коллективный хат жазып. Бүкіл мына үш-төрт үй түгел тұрғындар қолы қойып, акиматқа жібергенбіз.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Усолка шағын аудандағы бұл көп қабатты үй 1992 жылы салынған. Тұрғындар пәтеріміз содан бері қажетті мөлшерде жылымады,-дейді. Жылудың мардымсыз берілгенін пәтер иелерінің бірлестігі растап отыр.  Тіпті, Президент әкімшілігіне дейін хат жазған. Алайда, нәтиже жоқ.

Марина Саманбаева, пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

Бізге тұрғындардан шағым көп келіп түседі. Үйдегі жылу батереясын тексереміз. Қатты ыстық емес, жай ғана жылы болып тұрады. Мұндай температурамен пәтер ішін жылыту мүмкін емес. Аталмыш мәселемен тұрғын үй инспекциясына, табиғи монолополияларды реттеу департаментіне жылу орталығына сан рет хат жаздық. Бірақ, еш нәтиже жоқ.

Ал жылуға жауапты мекеме бізде кінә жоқ - деп мойындамай отыр.

Роман Гчеронко, "Павлодар Энерго" АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы:

Ткачев көшесі 11, 13, Бекқожин көшесі 13, 23 үйлердің жылынбауына ішкі жылу желілеріндегі ақау себеп. Қазіргі таңда Бектұров көшесі 58 үйдің жылу құбырлары ауыстырылды. Онда жылу құбырының көлемі өте кіші болған. Жылу беруші мекеме барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Ал тұрғындардың шағымы бойынша құзырлы органдар тексеру жүргізген. Нәтижесінде жылудың жеткіліксіз мөлшерде берілгені дәлелденіп отыр.

Татьяна Цой, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы:

Тексеру қорытындысы бойынша жылу таратушы мекемеге әкімшілік іс қозғалды. Оларға  тұрғындарды жылумен толық қамтамасыз етпегені үшін 14 млн 700 мың  теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, тұрғындарға берілмеген жылу үшін қайта есептеу жүргізуге міндеттелді. 

Жылу жетіспеушілігін болдырмау мақсатында жауаптылар былтыр Достық ықшам ауданы мен Усолка мөлтек ауданына жаңа жылу магистральін тартып, барлық мәселе түбегейлі реттеледі деп сендірген. Бірақ, жаңа көп қабатты тұрғын үйлердің көптеп салынуына байланысты түйткілді түйін шешілмей қалып отыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...