ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР: «ШЫҒЫС ДӘМХАНАСЫ» БАСЫМЫЗДЫ ҚАТЕРГЕ ТІГІП ОТЫР

20:46, 23 ақпан 2021

Қала тұрғындары үреймен өмір сүруден жалықтық деп арнамызға шағымданды. Айтуларынша, шаһарымыздағы дәмханалардың бірі тұрғын үйдің астындағы бірінші қабатта жұмыс істеп тұр. Мәселе де осыған қатысты. Сөздеріне сүйенсек, осы кафеде газ балонын пайдаланады. Салдарынан бойларын үрей билейді екен. Мәселенің мән-жайын әріптесім Гауһар Мұса анықтап көрді.

Гауһар Мұса, тілші:

Бұл Ломов көшесі 41 мекенжайында орналасқан көп қабатты үйдің бірі. Бұның бірінші қабатында дәмхана жұмысын істеп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, дәл мына осы терезенің ішінде 50 литрлік газ балондары сақталады екен. Адамдар тілсіз жаудың құрбаны боламыз ба деп қорқады.

Осы үйде тұратын Светлана Кньязева қолындағы бір бума құжаттарын көрсетіп,  2016 жылдан бері бармаған жеріміз, ашпаған есігіміз қалмады дейді.

Светлана Кньязева, Ломов көшесі №41 үйдің тұрғыны:

2016 жылдан бері департаменттерге, партияға, әкімдікке барып шағымдандық. Ломов көшесі 41 үйдің бірінші қабатында шығыс дәмханасы жұмыс істейді олар үнемі газ баллондарын пайдаланады. Төтенше жағдайлар департаменті 2020 жылдың желтоқсан айында тексеру жүргізді. Бізге берген құжатта газ баллондары жоқ деген жуап болды. Бірақ бізде дәлел бар.

Тұрғындар дәлел ретінде осы дәмханаға әкеліп түсіріліп жатқан мынадай газ баллондарының суретін түсіріп алған. Төтеншеліктер жарияланған мараторийге байланысты тексеріс жүргізе алмаймыз деп отыр. Сонда 100 деген отбасының өмірі мен қауіпсіздігі үшін кім жауап береді? Өкінішке қарай бұл сұрақ жауапсыз қалып отыр. Адамдардың шағымы бұл ғана емес. Ломов көшесі 39 үйдің тұрғындары да арызданыпты.  Үй асты подвалындағы құбырлары үнемі апаттық жағдайда, ішін су басып жатады, соңғы бірнеше жылда лас су сыртқа шығып кеткен.

Ольга Аристова, Ломов көшесі №39 үйдің тұрғыны:

Шығыс дәмханасының кесірінен бізді барлық құдықтар бітеліп қалады. Олардың төгетін қалдықтарының бәрі жертөлеге кетіп жатыр. Бұл құдықтар мұндай ауқымды жұмысқа есептелмеген. Бұны водоканалдың комиссиясы растап отыр. Олар осы дәмхана кінәлі деп айтты бізге.

Сөздерінше 1-ші қабаттағы пәтерлерді су басатын көрінеді. Адамдар өз пәтерлерінде тұра алмайтын күйге жеткен. Бұған қоса подъездің кіре берісіндегі қабырға ылғалдан құлап жатыр. Құдықтар қалдықтарға толып қалады. Жағымсыз иісі қолқаны қабады дейді адамдар. Ал, қалалық әкімдікке осы мәселе бойынша хабарластық. Бірақ мұнда да жауап жоқ.

 

Гауһар Мұса

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...