ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тұрғындар пәтер жағалап жүр

23:42, 26 мамыр 2022

Алюминстройдың тұрғындары тағы баспана мәселесін көтерді. 2 жылдан астам уақыт бойы жалдамалы пәтер жағалап жүргендер шыдамның да шегі бар деп отыр. Әкімдік берген қаражаттың қалғанын өздері балаларының аузынан жырып төлеуге мәжбүр. Енді жағдай шешілмесе, Президентке хат жазбақ.

Алюминстройдың жыры бітер емес. Шағын ауданның тұрғындары 3 жылдан бері өздеріне тиесілі пәтерге қол жеткізе алмай жүр. Бұл шағын аудандағы екі қабатты ескі үйлерді бұзып, орнына жаңасын салып береміз деген. Бірақ, үйдің құрылысы тоқтап тұр.

Өндіріс Мақышұлы, қала тұрғыны:

Құрметті әкім мырза кешіріңіз жиналған халық қарадан қарап келген жоқпыз. 28 үйге келдік. Үстінде 3 ақ кісі келді. Ол қашан бітеді? Біз қашан аламыз. 

Қазір 80 отбасы пәтер жалдап жүр. Әкімдік биыл пәтер береміз деп уәде бергенмен, халық биылда үй бітпейді деп шулап жатыр. Президентке дейін хат дайындап қойған.

Юрий Павленко, заңгер:

Бұл адамдар алюминстройды салған, Алюминий зауытты салған адамдар, қаланың негізін қалаған азаматтар. Оларға деген қарым-қатынас өте нашар. Мына екі қабатты үйдегі жағдай өте жаман. Сондықтан, құрметті Президент, облыс, қала әкімі бұл мәселені шешуді ұсынамын.

Айта кетейік, кезінде 159 ескі ағаш үйде 1272 отбасы тұрды. Басым бөлігі Сарыарқа ауданына көшірілді. Ал, 285 қоныс аударушы баспаналарын  күтіп отыр. Оның 200-ге жуығы әкімдіктен жалға алынған тұрғын үйлерде тұрып жатыр. Яғни, әкімдіктен 60 мың теңге төленсе, қалғанын әлбетте тұрғындар жалақы, зейнетақыларынан қосады.

Өндіріс Мақышұлы, қала тұрғыны:

50 жыл теңге акимат береді. Үстіне 30 мыңнан астам қосамыз. Қалған 30 мың тегемен мен қалай күн көрем. Бала шағам бар.

Людмила Солонина, қала тұрғыны:

Жасым 84-те. Үш жыл бойы үй жалдап жүрмін. Жаңа үйіме көшемін бе, көшпеймін бе білмеймін.

Марина Вильмс, қала тұрғыны:

Мен осымен бірнеше пәтерді ауыстырдым. 1 маусымда тағы үй иесі босатыңыз деп жатыр. Қашанға дейін осылай пәтер жағалап жүремін. Бастапқыда бізге келгенде бәріне сеніп қалдық қой. Енді міне  күтіп отырмыз.

Кейбір тұрғындар екі қабатты ескі үйлерін босатуға асықпайды. Ескі баспанадан жаңа үйдің кілтін бергенде ғана көшеміз деп отыр. Ауызымыз күйіп қала ма деп қорқады.

Мадина Абенева, қала тұрғыны:

Көшпеймін дедім. 200-ден астам адам әлі  көшпей үй жалдап жүр. Мен олай жүргім келмейді. Бірақ мені қорқытады. Жанымыздағы үйді жағып, су, жарықты, жылуды өшіріп тастайды.

Алюмистройлықтарға беріледі деген №28 үйде былтыр құрылыс барысында ақаулар анықталды. Көпқабатты үй еденсіз, төбесіз жобаланған. Ол үшін мемлекеттен тағы қосымша қаражат бөлінген көрінеді.  Әкімдіктің кезекті уәдесінде бұл тұрғындарға басқа да үйлер ұсынылады делінді. 

Жансерік Қапзолла, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

Павлодар қаласының әкімдігі барлық қоныс аударушыларды 28, 33, 40, 41 ұйге қоынстандыруды жоспарлап отыр. 2022 жылдың желтоқсаны, 2023 жыл наурыз айы. Қазір уақытта 4-5,6 қабатта әрлеу жұмыстары жүргізілуде.  

Айта кетсек, қазіргі таңда алюминстрой аумағында әлі сүрілмеген 9 үй бар. Осылайша бар жоғы 300-ге жуық тұрғын үйсіз қалып қоямыз ба деп, кімге сенерін білмей дал.  

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...