ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Тұрғындар: күлімсі иісінен тұншығып отырмыз

18:37, 10 маусым 2021

Усолка мөлтек ауданындағы Майра көшесі 29 үйдің тұрғындары шу шығарды. Айтуларынша, карантин кезінде көрші үйлердің ауласындағы қоқыс жәшіктерін 29 үйдің кіре берісінің алдына қойған. Жаз мезгілінде одан шығатын күлімсіген иістен тұрғындар әбден мезі болған көрінеді.

Міне, тұрғындардың шамын тудырған осы қоқыс жәшіктері. Майра көшесі 29 үйдің кіре берісіне жақын қойылған контейнерлер тұрғындардың титығына тиіп біткен. Айтуларынша, карантин алғаш енгізілген сәтте  41 үйдің тұрғынынан  індет анықталған. Сол кезде көрші үйлердің контейнерлерін бос орынға қоюға мәжбүр болған. Бастапқыда қоқыс жәшіктері уақытша тұрады деп сендірген. Әйтседе жыл өтті, бұл контейнерлер орнынан қозғалмапты.

Мұхаммед Нұғманов, Майра көшесі 29 үйдің тұрғыны:

Енді карантин біткеннен кейін  алмай қойды өздерінің мусорный ящиктерін. Мусорный ящиктан жаздың жаз бойы  иіс деген аңқып далаға шыға алмаймыз. Маса, мысық, ит деген бәрі осында. Ол түгілі строительный материалдарды бәрін  үйіп қояды. Бүгін ғана сіздер келетін алдында бәрін алып кетті тазалап. Осындай былықта отырмыз.

Бұдан бөлек, тұрғындар санитарлық  нормалар сақталмаған - деп ашынып отыр. Айтуыларынша, қоқыс жәшіктері мен тұрғын үйлердің арақашықтығы 25 метрден кем болмауы керек.  Ал, 11 қоқыс  контейнері 29 үйдің кіре берісіне  10 метрдей жерде тұр.  Тау болып үйілетін қоқыстарды күнде көруге мәжбүрміз дейді. Алайда ТҮКШ  бөлімі бұл контейнерлер осы жерде тұрады деп шешкен.  Ал, тұрғындар  біз де таза ауамен дем алуға құқылымыз – деп, жәшіктерді алып тастауды талап етіп отыр.

Жансерік Қапзолла, қала әкімдігі баспасөз қызметінің маманы:

Бүгінгі таңда қоқысты шығару жұмыстарына «Спецмашин» ЖШС жауап береді.  Яғни,  дүйсенбі, сейсенбі, бейсені, жұма және сенбі күндері қоқыс шығарылады аталмыш контейнерлерден. Сонымен қатар қосымша қазір тұрғындардың өтініші бойынша қосымша  сәрсенбі  және демалыс күндері де сол жердегі қоқыстар шығарылатын болады.

Айта кетейік,контейнерлер қойылған алаң жан-жағы толықтай қоршалған. Алдағы уақытта жауапты мердігер ұйым қоқыстарды аптасына бес рет, қажет болған жағдайда күнделікті шығарады деп сендірді әкімдік өкілдері.

 

Әсем Оразбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...