ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ

20:16, 15 қаңтар 2021

Павлодардың жеке сектор тұрғындары кәріз суларына батып кетуден қорқады. Аула ішіндегі септикалық құдықтар лас суға толып қалған. Ассенизатор көліктерінің жүргізушілері тапсырыстарды қабылдамайды. Бұған не себеп? Аяулым Рахымжанова жалғастырады.

Нина Пригородова қанша күн болды суды дұрыс пайдалана алмай жүр. Ас үйде тамақтан кейінгі ыдыстары жиналып қалған. Тіпті жууына алмай отырмыз,-дейді. Кір жуғыш машина да киім-кешекке толы.

Нина Пригородова, қала тұрғыны:

Ыдыс-аяқтардың керектерін жуып аламын. Ал суын төге алмай отырмын. Бәрі тұр. Күніміз қиын болып тұр. Кір су аулаға жайылып кетеме деп қорқамыз. Қанша машинаны шақырдық. Ешкім келмейді. «Горводоканал»-ға хабарластық, олар біз мұндай қызметпен айналыспаймыз дейді.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Иә, қызмет көрсетілмейді. Бұл бір ғана үйдің мәселесі емес. Жағдай қаншама халықтың тұрмысына кесірін тигізіп отыр.

Арнамызға шағымданған тұрғындар жеке секторда тіпті лас су қатып қалғанын жеткізді. Оны өзімізде байқадық. Кейбірінде жиналған су ауыз мұрнынан шығып тұр. Иісі де бүкіл аумақты жайлаған.  Бұның барлығын қызмет көрсетуден бас тартып отырған ассенизатор көліктерінің жүргізушілері жақсы біледі. Самат Нұрғалиев бұл қызмет түрімен айналысып жүргеніне бес жылдың жүзі болыпты. Көліктердің барлығы жұмысқа дайын дейді. Таңнан бастап ұялы телефонында да дамыл жоқ. Су арнасы жаңа жылдан бастап төлем шарттарын өзгерткен. Бұнымен келіспеген кәсіпкерлер келісімшартты бұзыпты.

Самат Нұрғалиев, ассенизатор көлігінің жүргізушісі:

Бұрын айына 10000 тг төлейтінбіз. Содан кейін төге беретінбіз. Бағаны да сол үшін көтерген жоқпыз. Бәріміз жұмыс істедік. Осы жаңа жылдан кейін, ақша төлеуге барғанбыз, олар жоқ төлемейсіндер. Біз санаймыз қанша машинна келгенін, кубы - 150 теңгедей, әр машинаға 1000 тг төлейсіңдер деді. Біз шартты бұздық.

Кәсіпкерлер бағаны мүлдем көтермейміз деп отыр. Бұл айналып келгенде қара халықтың қалтасына салмақ түсіреді-дейді.

Самат Нұрғалиев, ассенизатор көлігінің жүргізушісі:

Мен директорға айттым мен қалай халықтан аламын. Кемпір-шалдар бар. Зейнеткерлер бар. Мүгедектер бар. Айтады: Сендерге бәрібір ғой.

Тараптар ортақ мәмлеге келе алмай отыр. Ал бұның зардабын көріп отырған қарапайым халық лас судың астында қалудан қауіптенеді.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
18:26, 4 наурыз 2021
ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...