ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тұрғындар базардың сүрілуіне қарсы

21:03, 16 мамыр 2022

Көктем басталса қала бойы түрлі құрылыс жұмыстары қарқындай түседі. Кезекті іргетас Айманов 42 көшесінің аумағында пайда бола бастады. Әрине жаңа құрылысқа ешкім де қарсы емес, тек зейнеткерлер саяжай өнімдерін енді қайда сатамыз деп налып отыр. Бұған әкімдіктегілер не дейді?

Биліктегілер бәрін қойып, енді зейнеткерлердің азын аулақ сауда жасайтын аумағына көз тігетін болған ба? Ашық павильондарда жылдар бойы зейнеткерлер саяжайдан әкелген қияр, қызанақ сынды көкөністерін  сататын. Енді міне дүңгіршіктер алынып  тасталып, кәсіпкерлер бұрыш-бұрышты аралап кетті.

Назира Шақарбаева осы Айманов көшесінде 22 жыл тұрады екен.  Осы ашық базардан сүт өнімдерін, көкөністерді, жеміс-жидектерді жиі сатып алатынбыз дейді.    

Назира Шақарбаева, қала тұрғыны:

Мында базар болды бізде. Жұмыстан қайтқанда таңертең ерте үлкендер келіп сүт алатын. Қазір алып тастады. Фундамент құйып қойыпты. қайтадан базар болса жақсы болар еді. Бізге жақсы. Үйдің жанынан ала қоятынбыз.

Нина Пантелеева, қала тұрғыны:

Бұрынғы ашық базарды қайтарғандарын қалаймыз. Себебі біздің аулада бірде бір нарық жоқ. Ал, орталыққа бару қиын, алыс. Адамдар жұмыстан келе жатып керегін алатын.  

Биліктегілер болса, аталмыш аумақта сатушылардың жағдайын жақсарту мақсатында жөндеу, абаттандыру жұмыстары ғана жүргізілетінін жеткізді.

Жансерік Қапзолла, қалалық әкімдіктің баспасөз хашысы:

2022 жылдың қаңтар айынан бастап аталмыш жер учаскісі тұрақты пайдалануға берілді. Сауданы пайдалануға беріледі. Тамыз айында жүргізу жоспарлануда.

Сонымен, сату павилондары  бағбан өнімдерін сатушыларға тегін берілетін көрінеді. Бұл әкімдіктің ресми берген мәлімдемесі. Ал әзірге зейнеткерлер қағаз қораптарын арқалап, көкөніс, жемісін соның үстіне қойып сатуға мәжбүр.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар