ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР: АУЫЛДА ЕШТЕҢЕ ЖОҚ, ДЫМ ЖОҚ

20:12, 8 сәуір 2021

Баянауыл атқамінерлері Біржанкөл ауылында салынғанына 60 жылдан асқан мектепті аукционға қойды. Бірақ бұған тұрғындар үзілді-кесілді қарсы. Олар ғимараттты мемлекет қазынасынан ақша сұрамай-ақ, өз қаржыларына жөндеп, ел игілігіне жаратқысы келеді. Жолы жоқ, шалғайдағы ауыл мәселесін әріптесім Аяулым Рахымжанова айтып берсін.

Жергілікті тұрғындар мен әкімшілік таласқан ғимарат өткен ғасырдың 60 жылдары салынған. Бастапқыда қазба байлықтарын зерттеуге келген геологтардың кеңсесі болған. Кейін мектеп болып ашылды. Халық саны аз болғандықтан, мекеме жұмысын тоқтатқан. Енді аудан әкімдігі ғимаратты сатуға қойыпты.

Марат Сүлейменов, Біржанкөл ауылының тұрғыны:

Әкім келіп айтқан кезде «жоқ, бұны аукционға қойдық» сатамыз деп жатыр. Білмеймін мен осы әкімдер не оқып келетінін, Елбасымыз бәрі ауылды көтеру керек деп, мәдениет жағын деп айтып жатқан кезде. Олар керісінше бұзу, сатудан келеді әйтеуір. Білмеймін, 2 млн-ға сатар. Ол үкіметке теңізге түскен тамшыдай ғой.

Біржанкөл ауылында 50-ге тарта тұрғын бар. Кезінде дүркіреп тұрған елді мекеннен, байырғы тұрғындар жұмыстың жоқтығынан көшіп кеткен. 

Үміткен Әубәкірова, Біржанкөл ауылының тұрғыны:

Библиотека жоқ, мәдениет үйі жоқ, медпункт жоқ. Ештеңе жоқ. Біз шетте қалған ауылмыз. Дым жоқ.

Ауылда мектеп жабылғалы оқушылардың саны да күрт азайған. Қазір 10 шақты ғана бала бар. Олар көрші ауылдарға барып, білім алып жүр.

Марат Сүлейменов, Біржанкөл ауылының тұрғыны:

Қазір ауылдын балалары жартысы Майқайыңда, жартысы Құндыкөлде, әр-әр жерде тарап кетті ғой.

Шағын ауылда медпунк те жоқ. Басы ауырып балтыры сыздаған тұрғындар ауылдан 40 шақырым жердегі аудан орталығына баруға мәжбүр.

Әділхан Темірұлы, Біржанкөл ауылының тұрғыны:

Бізде медицина саласы деген жоқ. Бізде басын ауырса, бір дәрі алатын жер жоқ. Қолынды кесіп алсаң, орайтын ештеңе таба алмайсын. Скорый ешқашан ауылдың жағдайыкеліп білмейді. Дәрігерлер күні болады, көлге скорыймен келіп демалады.

Мектеп мәселесіне оралсақ. Ауыл халқы өз тарапымыздан қаржы жинап клуб және спорт залын саламыз-деп әкімшілікке өтініш жазған. Бірақ бұған көбеген шенділер ғимаратты саудағы қойыпты. Тіпті, шалғайдағы ескі ғимаратқа елордалық кәсіпкерлер көз тіккен көрінеді.

Самат Ыбырайұлы, Құндыкөл ауылдық округінің әкімі:

Бүгінгі күні Астанадан архитектормен сөйлесіп жатыр. Аудан әкімі бәрі. Бұл жерге бір жоба құрып жатыр.

Біржанкөл ауылына сырттан көшіп келушілер де көбейген. Биылдың өзінде жер телімін алуға 10-ға жуық өтініш түсіпті. Сондықтан, туризмді дамытудан бұрын әуелі әлеуметтік нысан ауадай қажет дейді тұрғындар.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...