ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Тұрғындар 6 ай ыстық сусыз отыр

17:36, 23 қыркүйек 2021

6 ай бойы ыстық сусыз отырған Кривенко 85 мекенжайының тұрғындары біздің телеарнаға хабарласып, шағымданды. Сөздерінше жылдағы мәселе қайталана береді екен. Қара суықта шәйнектеп су ысытудан қажып кеткен олар жағдайды реттеуді сұрап отыр. Жуынып, кір жуу азап боп кетті дейді.

Жыр болған жылу мен ыстық судың мәселесі күз келсе қарқын алатынына үйреніп қалдық. Павлодар қаласының кейбір тұрғындарының үйлеріне жылу түгілі, әлі ыстық су жетпей жатыр. 

Самал Қалиқызы, тілші:

Кривенко 85 мекенжайының тұғындары жылдар борйы ыстық сумен мәселе болмағана айтыр. 6 айға жуық ыстық сусыз отыр. міне, ыстық суды ысытып алады, өздері шомылады, балала шағасын шомылдырады. Бір қарасаң, өркениет, технологиялар заманы дейміз. Бірақ біздің қалада коммуналшылардың мәселесі әлі шешілмей жатқан сияқты. Өкінішті.

Тұрғындар жарты жыл бойы коммуналшылардың баяғы жартасына сеніп отыр.  Әне міне деп жағдайдың реттелетініне үміттенгендері ғой. Жылдағы жағдайға үйреніп қалғандай.

Гуля Алимова, Кривенко 85 үйінің тұрғыны:

Жаз бойы мамыр айынан бастап ыстық су жоқ. Суды ысытамыз, өзіміз жуынамыз, ыдыс жуамыз. Моншаға барамыз. Біз үлкендерміз, ал кішкентай балалары барлар қалай күн көреді. Білмеймін. Жылдағы қайталанатын жағдай осы.

Тұрғындардың сөзінше, үй жанында диаметрі 600 ммм болған құбырларды 800 мм лік –ке ауыстырып жатыр екен. Осының өзін жаз бойы бірнеше рет жауып,  қайта қазған көрінеді.

Манат Жақиянов, Кривенко 85 үйінің тұрғыны:

Бұрын проблема болыппа еді? Жоқ нормально.Екі жыл бойы. Диаметрі 600, биыл 800 дм болды. Ыстық су жетпейді. Қанша ақша кетті.

Валентина Лыскова, Кривенко 85 үйінің тұрғыны:

Өткен жылы қазған жоқ, оның алдындағы жылы мына жерді қазды. Мен білмеймін, неге оны қайта қайта қазып, не жасайды? Ешкім келіп түсіндірмеді.

Иә, дәл осындай шаһарымызда мәселесі әлі шешілмей жатқан үйлер қаншама. Ашынған тұрғындар арыз шағымдарын айтып бармаған жерлері қалмады. Жаз бойы ыстық су болмады, хош делік. Оған да көндік. Бірақ, қыркүйектің қара суығында ыстық су ауадай қажет. Бұл сұрақпен қалалық әкімдік те таныс екенін хабарлады.

Жансерік Қапзолла, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

Назарбаев даңғылынан Кривенко көшесіне дейін 31 ЖМ жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш жерде құбыр ауыстыру жүргзілуде. Қыркүйектің 29 толтырылады. Кейін асфальт қалпына келтіріледі.

Осылайша үй тұрғындары ыстық сусыз тағы біраз уақыт шыдауға мәжбүр. Жалпы, Павлодар қаласында қазір 130 көпқабатты үй ыстық сусыз отыр.  Ал жылу 273 әлеуметтік нысанның 187-іне берілді. Оның ішінде 65 балабақша, 36 мектеп, 53 оқу оны, 33 емдеу мекемесі. Осы мекемелермен бір қатарда тұрған 115 тұрғын үй де жылуға қосылды. Жалпы шаһарда 957 көпқабатты тұрғын үй  қысқа толық дайын болса, 298 әлі әзір емес.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды
12:27, 15 қазан 2021
Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылд...
Толығырақ...