
12 қаңтар «101» пультіне сағат 21-35-те өрт жайлы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 16 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Барлау барысында өрт сөндірушілер 27 литрлік газ баллонын ас үйде анықтап, оны қауіпсіз жерге шығарды.
Тілекжан Галямов, ТЖБ бастығының орынбасары:
Энтузиаст саябағы мекенжайы бойынша. бір қабатты үйде ағаш құрылымдар жанып кетті. Өрт орнынан бір газ баллон эвакуацияланды. зардап шеккендер қаза тапқандар жоқ. Өрт 22.49 толық жойылды.
Өрттің себебі мен шығыны анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Осы ретте, Павлодар облысы ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұрайды.
Самал Қалиқызы