ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Тұрақтандыру қорында азық-түліктің қанша көлемі бар?

10:34, 14 қазан 2021

Павлодар облысының тұрақтандыру қорында қазір азық түлік көлемі жеткілікті. Жақын арада тағы картоп, сәбіз, тұзбен толықтырылады. Қордағы өнім қай дүкендерге жіберіледі және бағаны кім бақылайды?

Қазіргі таңда Павлодар облысының тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық түліктің 10 түрі бар. Қоймада жалпы сомасы 1 млрд теңгенің 6233 тоннаға жуық өнімі сақтаулы.

Данияр Шаймарданов, «ӘКК-Павлодар» АҚ департамент директоры:

6 мың тоннадан аса әлеуметтік маңызы бар өнім болса,  Оның ішінде қант 1972 тонна, күріш 252 тонна, бірінші сұрыпты ұн 2800 тонна, қарақұмық 208 тонна, тұз 68 тонна, картоп 500 тонна, сәбіз 171 тонна, сұйық майдың  85 мың литрі бар. 

Тұрақтандыру қорын толықтыру мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізіледі. Яғни мемлекеттік сатып алу конкурсына өндірушілер қатысып, ең төмен баға ұсынған компаниялар қорға өнімдерін ұсынады. Мәселен, тұрақтандыру қорындағы өнімдердің басым бөлігі біздің облыстан болса,  тұз бен күріш Қызылордадан, қант Тараздан әкелінеді. Ал

Данияр Шаймарданов, «ӘКК-Павлодар» АҚ департамент директоры:

Аталмыш азық түлік өнімдері келісімшарт арқылы дүкендерге жеткізіледі. Қор облыстың 178 дүкенімен серіктестікке отырған. 90-ны Павлодарда, қалғаны Ақсу мен Екібастұз қаласында. Олар тұрақтандыру қорынан алған өнімге 10 пайыздық үстеме қосып сатады. Ондағы бағаны мониторингтік топтар аралап, бақылап отырады.

Тұрақтандыру қорынан баға ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен статистика органдарымен салыстырмалы түрде 10 пайызға төмен сатылады.

Данияр Шаймарданов, «ӘКК-Павлодар» АҚ департамент директоры:

Мәселен, картоп бағасы статистика органдарымен келісе 121 теңге болса. Біз оны 10 пайызға төмен өткіземіз. Осылайша қордан картоп 95 теңгеге жіберіледі.

Жалпы Павлодар облысының тұрақтандыру қоры жақын күндері 1500 тонна картоп, 300 тонна сәбіз, тұз сатып алады.  Айта кетейік, азық түліктің 19 түрі сақталады. Бірақ, сүт өнімдері қорда жүзеге асырылмайды.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...