ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Туған елің - Қазақстанды жақсы білесің бе?

22:25, 24 қараша 2021

«Туған елің- Қазақстанды жақсы білесің бе?» 5-7 сынып оқушыларына арналған байқаудың облыстық кезеңі аяқталды. Бүгін жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

Республикалық «Туған елің- Қазақстанды жақсы білесің бе?» балалар оқулары байқауы аудандық, қалалық, облыстық кезеңнен тұрады. Облыстық деңгейге 90 оқушы, яғни 18 команда қатысты. Үздіктерден суырылып алға шыққан 3 команда салтанатты түрде марапатталды.

Нүрия Көбенова,  облыстық «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы:

Байқаудың мақсаты біздің балаларға, жасөспірімге оқу-сауаттылығын арттыру. Өзіміздің тарихын білу, география, астрономия соның бәрін білу, рухани жаңғыру бағыттарын білу. РЖ бағдарламасын ілгерілету мақсатында осындай байқау ұйымдастырған болатын.

Ал, алдағы аймақтық кезеңде Павлодар облысының намысын Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандырылған №1 лицей-мектебінің командасы қорғайды. Шығыс Қазақстан және Алматы облысымен додаға түседі.

Камила Әубәкірова, жас дарын мамандандырылған мектебінің оқушысы:

Бізге берілген кітаптар өте оңай, қызықты әоі түсінікті. Сондықтан біз осы сайыс арқылы өзіміз бір топпен бірге жұмыс істеп, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бір шещімге келіді үйрендік. Сайыс маған ұнады.

Жеңімпаздарға кітаптарды «Рухани Жаңғыру» қазақстандық даму институты мен «Шұғыла кітап» баспасы ұсынып отыр. Қызықты оқулықтар олардың дүниетанымын кеңейтіп, оқуға деген құштарлығын оятары сөзсіз. Мәселен, бүгін  балақайларға «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат», «Сиқырлы қазғыш-кітапша» атты оқулықтары табысталды.

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...