ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

«Түбіртекті талап ет» науқаны басталды

21:26, 25 қараша 2021

Павлодар облысында түбіртекті талап ет акциясы аясында мемлекеттік кірістер департаментіне 400 ден аса өтініш келіп түсті. Олардың 138-і расталды. Осылайша салық төлеушілер акцияға қатысып қана қоймай, 1000 теңгелік сыйақыға да ие болды.

«Азаматтық бақылау - Түбіртекті талап ет» науқаны басталды. Акцияның мақсаты -  азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту.

Индира Әбілова, мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

Сіздер ағымдағы жылы Апстор мен Плэй маркеттен «Wipon Кэшбэк» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады.  түбіртек берілмеген немесе карта қабылданбаған сауда нүктесі туралы хабар берген жағдайда бейне түсіруге болады. осы факт расталған жағдайда сіздің телефоныңызға салық төлеушіге 1000 теңге сыйақы жолданатын болады.  

Қазіргі таңда  облыс бойынша азаматтардан мемлекеттік кірістер органдарына 445 өтініш келіп түсті. 136-сына түбіртек берілмегені, 2-еуінде төлем картасын қабылдамау жағдайы тіркелген.

Индира Әбілова, мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

Осы тұста 3 салық төлеушіге әкімшілік айыппұл шарасы қолданылды. Бюджетке   65 мың теңгеден астам  айыппұл түсті. 94 өтініш расталмаған. Онде бейне дұрыс кһрсетілмеген. 210 бойынша іс қаралып жатыр.

Акция -  кәсіпкерлерден қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...