ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Трамвайдағы қабылдау

21:49, 3 маусым 2022

Бүгін Қазақстанда алғаш рет Аманат партиясының трамвай рейсі жолға шықты. Партия вагонында ұйымның жобалары мен бағдарламары жайлы ақпараттар, азаматтарды қабылдау бөлімінің номерлері жазылған.

Трамвай басқармасының бастауыш партия ұйымы трамвайды әр түрлі түстермен және «Аманат» партиясының логотипімен безендірілген. Бұл вагон енді қалаға эстетикалық үлес қосумен қатар, қоғамдық қабылдау орынына да айналмақ.

Илья Теренченко, «AMANAT» партиясы ПОФ атқарушы хатшысы:

Трамвай қаланы аралап, белгіленген орындарда азматтарды қабылдау шарасын өткізетн болады. Бұл халыққа оңтайлы деп ойлаймын. Ең басты мақсатымыз халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, сұрақтарына жауап беру.

 

Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар