ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА БАҒА БАҚЫЛАУДА

10:17, 27 наурыз 2020

Елімізде енгізілген төтеншей жағдай кезеңінде көтерме-бөлшек сауда өнімдерінің бағасы бақылануда.

Қазіргі уақытта Ертіс өңірінің тұрақтандыру қорында құны 172,5 миллион теңгені құрайтын 1357 тонна азық-түлік бар. Оның ішінде 195 тонна картоп, 75 тонна сәбіз, 63 тоннадан жоғары пияз, 41 тоннадан аса күріш пен 150 тонна ұн сақтаулы. Бүгінде Павлодар облысында 196 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Олардың санын 300-ге дейін арттыру жоспарланған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдер бағасын тұрақтандыру мақсатында қосымша 1 миллиард теңге қаржы бөлінбек. Оның 500 миллионы өнімдерді айналмалы жүйе арқылы жүзеге асыру бағытына жұмсалады. Яғни, ірі сауда желілеріне тауарларды пайызсыз қарызға алу мүмкіндігі беріледі. Өнім бағасы әрдайым бақылауда болады.

Павел Баданин, бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті департаментінің басшысы:

Көтерме нарығы монополияға қарсы органдарымен қадағаланады. Мұнымен қоса, өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып бәсекелестікке қарсы келісім-шарт жасасқан тұлғалар да бақыланады. Аймақтық нарықтағы тауар бағаларын көтеру, өнімдерді жеткізу бойынша сараптам жасалады.

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайға байланысты нарық субьектілері монополияға қарсы органдардың бақылауында. Себебі, тұрғындар арасындағы дүрлікпе пен  тауарларды жаппай шұғыл сатып алу – бағаның өсуіне әкеліп соғады. Сауда нүктелеріндегі тауарлардың, сондай-ақ, медициналық бетперделер мен антисептикалық заттардың құны қымбаттайды.

Саят Саукомбеков, экономикалық тексеру департаментінің басшысы:

Медициналық масканың бір данасын 250 теңгеден саудалау фактісі анықталды. Менің ойымша, қазіргі уақытта, яғни бетперделердің тапшылығы кезеңінде мұндай бағамен сату моральдық тұрғыдан дұрыс емес. Төтенше жағдай енгізілгенге дейін антисептикалық заттар 2,5 мың теңгеден сатылды. Біз 212 литр болатын микробқа қарсы сұйықтықты 4 мың теңгеден сатпақ болған адам ұстадық.

Бетперделер мен антисептикалық заттардың бағасын өсірмеу мақсатында мониторинг жүйелі жүргізіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері: түрлі қоспалар, нан, қант, ұн, май және басқа өнімдердің бағасы бақыланады. Ең бастысы, төтенше жағдай кезінде сабырлық танытқан жөн. Ал, кәсіпкерлік нысандары бүгінгі жағдайды пайдаланып, тауарлар бағасын қымбаттатпаса деген тілек бар.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...