ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ТУРИЗМ

12:47, 26 наурыз 2020

COVID-19 вирусының таралуын азайту мақсатында Қазақстанда сәуір айының ортасына дейін төтенше жағдай жарияланған. Елдегі шекаралардан өтуге де шектеу қойылды. Ал, туризм саласы қалай жұмыс істеуде?

Анар Асылова туризм саласында тәжірибесі мол кәсіпкер. Оның агенттігі нарықта 13 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Ал, елдегі төтенше жағдай бизнесмен ханымның кәсібіне 100 пайыз кедергі келтіріп тұр десек те болады. Анар Асылова, турагенттік директоры:

Барлық агенттік басшылары өз қызметкерлерін демалысқа жіберді. Өйткені біздің жұмысымыз тоқтап тұр. Шығын да жоқ емес. Айлық, коммуналдық шығындар, барлығы кешігіп жатыр.

Әрине бұл қазіргі күннің өзекті тақырыбы. Себебі, тек қана аталмыш кәсіп иесі ғана емес, көптеген туристер үйіне орала алмай қиындық көруде. 

Анар Асылова, турагенттік директоры:

Қазіргі негізгі проблема, кімнің үйіне қайтып, кімнің кете алмай жүргенінде. Олардың барлығын аман-есен жіберу керекпіз. Ал, үлгермей қалғандары төтенше жағдай аяқталғанға дейін күтеді. Біздің фирмада қазір мұндай туристердің саны аз. 10 адам. Қалғандары қайтып үлгерді. Қазір біздің бір отбасымыз Египетте жүр. Олдарды осы бір-екі күнде шығарулары керек. Күту керек. Ал, тағы бір отбасы Арап әмірлігінде. Олар ертең шығатын болады. Оларда туркод бар. Қазақстан азаматтары.

Алдын-ала билет сатып алған туристтердің сапары шегеріледі. Олардың қаражаттары операторларда сақталады. Ал, жолға шығудан бас тартқан клиенттердің ақшасы қайтарылады. Бірақ, айыппұл төлейді.

Анар Асылова, турагенттік директоры:

Біздің туристерге айтарымыз, егер билеті бар адамдар болса, дүрбелеңге салынбай уақытын өзгерткендері жөн. Себебі, барлығы жаппай бас тартатын болса, біздің операторлар банкротқа ұшырайды. Сондықтан кейінге шегерген дұрыс.

Абырой болғанда қазіргі таңда демалыс мерзімін шегергендердің қарасы қалың. Барлығы уақыттың еншісінде, дейді, агенттік директоры.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 3 сәуір 2020
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...