ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

23:48, 23 наурыз 2020

Ойын-сауық орталықтары мен мейрамхана иелері төтенше жағдай кезінде жұмыс тәртібін қатаң сақтауы тиіс. Яғни, елдегі жағдайға байланысты жұмыс уақыты түнгі 22:00-ге дейін шектелді. Осы уақыттан асып, тәртіп бұзған жандарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады не болмаса 15 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылады.

Аяулым Рахымжанова, тілші:                                        

Елдегі ахуалға байланысты  адам көп жиналатын мейрамханалар мен мәдени орталықтардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Тойшыл қауымның көбі бұл талаптарды ескеріп отыр. Осыған орай, жергілікті билік өкілдері мен полиция  қызметкерлері өңірдегі бірқатар мейрамханаларға  арнайы рейд жүргізді.

Шара барысында заңбұзушылық фактілері тіркелмеді. Айта кету керек,  жұмысын шектелген уақыттан асырған мейрамхана әкімшілігіне тәртіп сақшылары алғашында ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бірақ жағдай қайталанатын болса, заң алдында жауап беруге тура келеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...