ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Тоқтаңыз, басып кетуі мүмкін!

22:58, 21 қазан 2021

Павлодар теміржол бекетінің полиция қызметі «Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар» акциясын жүргізуде. Акция қазан айының 18-і мен 22-сі аралығында өтуде. Шара мақсаты теміржолы бойында болатын оқыс оқиғалардың алдын алу.

Теміржол бойы адам өміріне қауіпті аумақтардың бірі. Сондай-ақ бұнда жан-жануарлардың өміріне қауіп төніп жатады. Бұл тұрғыда үй және дала жануарларының иесіне артылатын міндет көп. Жыл басынан бері Павлодар облысы аумағында машинистер пойызды 170 рет шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған. Осынша шұғыл тежеудің барлығы дерлік пойыз жолында адамдар мен жануарлардың болуына байланысты орын алған. Өкініше қарай осындай оқиғалардың 3-еуі қайғылы аяқталған.

Архат Күленов, Павлодар станциялық полициясы бастығының бірінші орынбасары:

Бір факт осы қазан айының тоғызында тіркелді. 45 жасар Ақсу қаласының тұрғыны. Теміржолда  мас күйінде ұйықтап қалған. Жүк пойызының машинисті теміржолда жатқан адамды көріп, шұғыл тежеу қолданды. Алайда, қайғылы оқиғаның алдын-алуға мүмкіндік болған жоқ.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...