ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Тәуелсіздікті алғаннан, оны ұстап тұру қиын

13:23, 11 қаңтар 2022

Қазақтың дархан даласына іштей, сырттай көз тіккендер қаншама. Мұны маңғыстауда бейбіт түрде басталып, соңы лаңкестік топтардың құйтұрқы әрекетіне ұласқан қақтығыстардан-ақ аңғаруға болады. Әсіресе, бейбіт таңда оққа ұшып, жан тәсілім еткендер жүректі қынжылтады. Осы ретте Мемлекет басшысынан бастап, қарапайым халыққа дейін тыныштық жолында жер жастанған азаматтардың туған туыстарына қайғырып көңіл айтуда.

Рәшит Бектеміров, Май ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері:

Қанша біздің жас ұландар қаза тапты. Қаншама тәртіп қорғаушылары ажал құшты. Сондықтан біз әрине ел ағалары ретінде осыларға көңіл айтамыз. Қатты қайғырамыз. Ал, енді алып қарасақ бүгінгі күні біздің елімізде тыныштық орнатылып келе жатыр.

Арандатушылық жайлаған аласапыран заманда қаңқу сөзге ермеген абзал. Жасыратыны жоқ мұндай кезеңде елді іркіттей іріткісі келіп, жалған ақпараттарды таратындар саны да арта түседі. Сондықтан, қоғам белсенділері жұртшылықты тек ресми ақпаратқа сеніп, Президент бастамасын қолдауға шақырады.

Болат Құдайбергенұлы, тарих ғылымдарының кандидаты:

Осыдан ғасыр бұрын Ахмет байтұрсынұлы Алаштың азаматы айтқаны бар: «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», деген. Сондықтан да бүгінгі күнде, осындай қиын заманда елді елім дейтін, ерім дейтін елге де, ерге де сын болған сағатта біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының игі шараларды жүргізіп жатуы бұны барлығымыз қолауымыз керек. Елімізх ертеңге үмітпен қарап, біз болашақта үлкен жетістіктерге жетуіміз керек. Бір қасиетті сөз бар: «Тәуелсіздікті алғаннан, оны ұстап тұру қиын»- деген екен.

Иә, бейбітшілік байрағын биік ұстау, азаттықтың ақ туын төмен түсірмеу оңай шаруа емес. Бастысы ел іргесін іркілтпей, Тәңір тәбәрігімізді тарылтпай таратсын!

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...