ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

«Тәуелсіздікке тарту еттім өлең-жыр» байқауы жарияланды

18:48, 19 қараша 2021

«Тәуелсіздікке тарту еттім өлең-жыр». Аймағымыздың басты арнасы өлке өрендерінің арасында осындай бейне-байқау жариялайды. Ел егемендігінің 30 жылдығына арналған конкурсқа облысымыздың барлық бүлдіршіндері қатыса алады. Ал оның жеңімпаздары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жарияланбақ.

Аталмыш жыр додасының мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық сезімін ұялату. Конкурстың талап-шарты бойынша оқушылар Тәуелсіздік тақырыбында жазған өлеңдерін видеоға түсіріп, арнамыздың телеграм желісіне жіберулері қажет. Қазылар алқасы, сондай-ақ, бейненің сапасына, көріністің ерекшелігіне баса мән бермек. Яғни балалардың шығармашылық қарым-қабілеті, қазіргі жаңа технологияларды меңгеру қабілеті анықталмақ. Байқауға қазірдің өзінде көптеген жұмыстар келіп түскен. Арнамызға жіберілген жұмыстар Ертіс таңы бағдарламасының барысында күллі көрерменнің назарына ұсынылады. Жоба 10-шы желтоқсан күні аяқталады. Атап өту керек, сайыс жеңімпаздары бағдарлама барасында, тікелей эфирде бағылы сыйлықтермен марапатталады.

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...