ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Тәуелсіздікке тағзым» атты аламан ақындар айтысы

20:26, 2 желтоқсан 2021

Павлодар облысында «Тәуелсіздікке тағзым» атты аламан ақындар айтысы өтеді. Дүбірлі додада 28 айтыскер тәуелсіздікке жыр арнап, 30 жылдың алқабын ақындар үні сыр шертеді.

Ертістің жағасы, Керекудің төрінде облыс айтыскерлері бас қосады. Егеменді елдің аса ардақты, аса қымбатты тәуелсіздігіне арнап жыр-шумақтарын паш етпек. Ақындарға халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Ғалым Жайлыбай, республикалық, халықаралық ақындар айтысының жеңімпазы Аманжол Әлтаев бастаған белгілі қаламгерлер қазылық етеді.

Ғалым Жайлабай, Құрмет орденінің иегері:

Адамдардың айтысқа қатысуы, Тәуелсіздікке арнап сөз айтуы заңдылық деп ойлаймын. Сөз сүйегіне сіңген үлкен жаңағы өркениетті, өрісті ел. Ұлылылардың бесігін тербеткен, кіндңгңн кескен ұлы мекен. Әр бір шараға қуанып келеміз.

Бабалар аңсаған тәуелсіздік үнін алаш жұртына жырлаған, жақсыдан қалған асыл дәстүрді жаңғырту мақсатында аймақтың сөз шеберлерінің жеңімпаздары қомақты сыйлықпен марапатталады.

Аманжол Әлтаев, айтыскер ақын, профессор:

Төрт мұхитты тербеген, ұлттық ерекшелігімізді айқындап тұратын ол ақындай айтысы ғой. Қыз кірпігін қаққанша, ат сүрінгенше ой табатын кәдімгі қас қағым сәтте поэтикалық туындыны тыңдарманның еншісіне ұсына алатын өнер.

Сән салтанатымен, көш керуенімен түзелген облысымыздың 28 ақыны дүбірлі додада  бақ сыңайды. Алдыңғы буын 70 жастан асса, кейінгі буын 18 жаста. Шаһарымызда аламан айтыс 3-4 желтоқсан күндері өтеді.

 

Мөлдір Сағидолла

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Мәшһүр Жүсіпке арналған музей жасау ұсынылды
18:04, 17 тамыз 2022
Мәшһүр Жүсіпке арналған музей жасау ұсынылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...