ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Тәуелсіздік құрдасы

19:39, 11 маусым 2021

Биыл бейбітшілік пен келісім орнағанына 30 жыл. Яғни, Еліміз үшін 2021 жыл- мерейтойлық жыл. Біздің арнамыз тәуелсіз Қазақстанның құрдастары туралы айтуды жалғастыруда. Келесі сюжет 30 жастағы жерлісіміз туралы болмақ.

Жанарбек Асайынов Павлодар алюминий зауытында жұмыс жасайтынын білген. Міне, 9 жыл бойы ол осы кәсіпорында  еңбек етіп келеді.  Жанарбек Асайынов өзімнің сүйікті ісімді таптым деп- нақ сеніммен айта алады.

Жанарбек Асайынов, тәуелсіздіктің құрдасы:

Мен 2012 жылдап бастап Қазақстан Алюминий зауытында жұмыс істеймін.  Бастапқыда жөндеуші болып орналастым. Сосын газкескіш қызметіне ауыстым.

Тәуелсіз Қазақстан мен Жанарбекті алдына мақсат қоя білу, тұрақтылық сынды көшбасшылық қасиеттер байланыстырады.

Жанарбек Асайынов, тәуелсіздіктің құрдасы:

Мен қайда баратынымды білдім. Себебі бізге Алюминий зауытына барасыңдар деп айтқан болатын.  Өз мамандығыңды жақсы көру керек деп ойлаймын.

Жанарбек Асайынов  еліміздің дамып, гүлденіп келе жатқанына өте қуанышты. Осы елмен бірге өсіп өніп келеді. Сондай-ақ, ол  өз мамандығын қатты сүйетінін және жұмыс орнын ауыстырмайтынын да  айтта кетті.

Жанарбек Асайынов, тәуелсіздіктің құрдасы:

Мен кеңседе отырып істейтін жұмыстарды ұнатпаймын. Мен осындай ауыр жұмыстар істегім келеді.  Себебі бұл мамандықты өзім таңдадым.

Айта кететін жәйт, Жанарбек жақында зауыттан пәтер алған. Ол Еліне және өзінің ертеңіне сенімді. Қазіргі жастардың негізгі идеологиясы жағдай жасап алғаннан кейін  шаңырақ көтеріп, ұрпақ сүю. Бүгінгі кейіпкеріміз де осы бағытты ұстанатын көрінеді.

 

Әсем Оразбекқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...