ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Тәуелсіздік құрдасы

16:47, 2 желтоқсан 2021

Тәуелсіздік жылы туғандар жайлы айтуды жалғастырамыз. Олар қазір әртүрлі салада еңбек етіп, еліміздің экономикасына өз үлесін қосып жүр. Солардың бірі желілік полиция бөлімінің инспекторы Дастан Қасенов. Ол теміржол, әуежайдағы тыныштық сақшысы қызметінде.

Дастан Қасенов еліміз Тәуелсіздігін алған жылы Павлодар облысы Ақсу ауданында дүниеге келді. Ел қатарлы білім алып, абыроймен әскер қатарына барып келді. Еңбек жолын мамандандырылған күзеттен бастаған.

Дастан Қасенов, Павлодар станциясының желілік полиция бөлімі әкімшілігінің полиция бөлімшесінің инспекторы:

2015 жылы Ішкі істер органына жұмысқа кіріп, алғашқы қызметті мамандандырылыған күзет басқармасында жұмыс істедім. 2020 жылы заңгер мамандығын бітіріп, осы желілік полцияда әкімшілік полиция инспекторы болып тағайындалдым.

Оның негізгі қызметі теміржол, әуежайдағы қауіпсіздікті қадағалау, тыныштығын сақтау. Бар жағдайды заң аясында шешу.  Кейіпкеріміз ордалы отыз жасынде жеткен жетістіктерін  әр уақытта тәуелсіздікпен байланыстыратынын жеткізді. 

Дастан Қасенов, Павлодар станциясының желілік полиция бөлімі әкімшілігінің полиция бөлімшесінің инспекторы:

Жасым 30-да. Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл. Онымен түйдей құрдаспыз. Көп нәрселерге қол жеткіздік, білім алып, үйленіп, бала шаға өсіріп.

Дастан Қасенов отбасында үш ұлдың үлкені. Үйдегі жауапкершілік, қызметінде де жауапты әрі тиянақты болуға септігін тигізіп келеді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...