ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Тергеу жүйесіндегі өзгертулер

12:52, 15 қыркүйек 2021

Өткен жылдың соңынан бастап еліміздің құқық қорғау органдары қылмыстық жазаға тартуды сот төрелігінің үш буынды моделінің жаңа форматына сәйкес жүзеге асыруда. Сотқа дейінгі тергеу форматы қалай өзгергені туралы келесі материалда айтып береміз.

Бірінші кезде полиция-қылмыстарды анықтап, қатысы бар адамдарды әшкерелеп, дәлелдер жинауы керек. Екінші буын – прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беруге, азаматтардың құқықтары бұзылу жолын кесуге, адал азаматтарды қылмыстық процеске тартылуына жол бермеуге міндетті. Үшінші буын-сот-органдардың әрекеттеріне сәйкес шағымдарды қарайды және іс бойынша түпкілікті шешім шығарады.

Алдияр Мұқатай, Екібастұз қаласы полиция басқармасының тергеушісі:

Қылмыстық кодекске сәйкес қазіргі уақытта негізгі шешімдер прокурорлармен дереу талқыланады.

Қылмыстық процестің жаңа моделін енгізу бойынша алға қойған мақсаттарына қол жеткізудің негізгі құралы қылмыстық істерді электрондық форматта жүз пайыз жүргізу болады, бұл да сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасына оң әсер етеді.

Азамат Сәбитов, Екібастұз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы:

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді және сот төрелігін жүзеге асырудың осы уақытқа дейінгі моделі кінәлі адамдар үшін жазаның бұлтартпастығы тұрғысынан айтарлықтай тиімді болды, алайда онда өз кемшіліктері болды. Мысалы, бұған дейін қылмыстық жазаға тарту органы қылмыстық істер бойынша өз бетінше шешім қабылдаған, ал прокурор бұл шешімге заңдылықты тексергеннен кейін ғана ықпал ете алды, бұл азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру процесін едәуір кешіктірді.

Осылайша, электрондық форматқа көшу процесі ашық және қол жетімді болды. Адвокаттың пікірінше, қылмыстық сот ісін жүргізудің енгізілген моделі және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарын нақты ажырату бойынша енгізілген өзгерістер тұтастай алғанда қылмыстық процеске оң әсер етті.

Анара Қалеева, Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты:

Өздеріңіз білетіндей, қылмыстық процестің үш буынды жүйесі қылмыстық процестегі қателіктерге жол бермеуге оң әсер етті, дәлірек айтқанда, кінәсіз адамдарды қылмыстық іс жүргізу орбитасына шығаруды барынша азайтты.

Статистикалық деректерге сәйкес ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Екібастұз қаласының полиция басқармасы 1 384 шешім қабылдады, оның ішінде бүгінгі күні 1 290 шешім бекітілді, 95 шешім бойынша бас тартылды.

 

Құдайберген Бердімұрат, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...