ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТЕРЕЗЕҢІЗ ҚАУІПСІЗ БЕ?

13:06, 13 мамыр 2021

Демалыс күндері павлодарда 2 кәмелет жасқа толмаған бала мен бір егде жастағы әйел терезеден құлап кеткен. Абырой болғанда барлығы дін аман. Десе де түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізліген. Пәтер терезелеріне қорғаныш торының орнатылмағандығы әсіресе балалардың өміріне қауіп төндіреді. Жалпы, ата-аналарға осы мақсатта сан сала түсіндіру жүмыстарын жүргізуде. Әсіресе мектепке дейінгі білім беру мекемелері дәстүрге айналған «Қауіпсіз терезе» науқанын қолға алды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің  мәліметінше, Павлодарда төрт жасар бала үшінші қабаттан құлап кеткен.  Үйде ересектердің болғанына қарамастан, бала аласа терезеге еркін көтеріліп, қолын масалардың торына тіреп тұрған кезде тормен бірге құлап түсіпті. Мамандар мұны үйде түсіндіру жұмыстардың аздығымен байланыстырады.

Бибігүл Қамзина,  облыстық ПД ЖПҚ аға инспекторы:

Ата-аналары балаларының өмірлеріне немқұрайлы қарамаулары керек. Керісінше, олармен жиі сөйлесіп, ақылдасып, әйнекке шықпау керектігін түсіндіруі шарт. Демалыс күндері орын алған оқиғалар да осы жұмыстардың жасалмағандығынан болып отыр.

Айтуынша, балалар көбінесе ата-аналарының  қарауынсыз қалған кезде  құлап кетеді. Егер бала бөлмеде жалғыз қалса, терезе жанында  көтеріле алатын заттар болмауы керек.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Балалардың әйнектен құлау фактілері әсіресе көктем айларында жиілейді. Себебі, қардың көбесі сөгіліп, күн жылысымен пәтер әйнектері ашыла бастайды. Осы ретте оқыс оқиғаның алдын алу үшін әйнектерге темір тор орнату маңызды. Жалпы қала тұрғындары бұған қаншалықты ауапкершілікпен қарайды? Қазір өздерінен сұрап көрейік.

Осы ретте өңірдегі мектепке дейінгі білім беру мекемелері жыл сайын дәстүрге айналған «Қауіпсіз терезе» атты акциясын қолға алады. Биыл да бұл жұмыстар жоспарға енгізілген.

Гүлбаршын Алтыбасарова, қалалық білім беру бөлімінің бас маманы

Аталмыш акция мектепке дейінгі балалардың қауіпсздігі үшін жасалады. Себебі, мектеп жасындағы балалар үйнекке шықпайды. Осы ретте шаһардағы бала бақшалар түсіндіру жұмыстарын, түрлі байқаулар мен флешмобтар өткізеді. Әйнектерге отырмау керектігі туралы балаларға қазірден бастап түсіндіру керек. Ата-аналардың назарына  балаларыңызды үйде жалғыз қалдырмаңыздар.

Көктем басталғалы Павлодарда әйнектен құлау дерегі бойынша 20 факті тіркелген. Олардың басым бөлігі 3-пен 5-жас аралығындағы балалар.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...