ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тәрбие тал бесіктен

18:00, 20 маусым 2022

Жетімін жы¬лат¬паған халқымыздың әдемі үлгі¬сін еліміздің жаны жайсаң азаматтары жаңа қырынан қолға алып жатыр. «Мәдениетті ана, мәдениетті ұлт» жобасы аясында Екібастұз қаласына барған «Нұр ана» бірлестігінің мүшелері қазақтың салт-дәстүрі бойынша сәбиге «Қырқынан шығару» рәсімін жасады.

Жетім көрсең, жебей жүр. Инна үш жасынан Павлодардағы «Жас ұрпақ» үйінде тәрбиеленген. Мектіпті тәмәмдаған соң, жоғары оқу орынында білім алды. 2015 жылы Иван есімді жігітті кездестіріп, екеуі отау құруды шешкен. Сол кезде Инна қазақтың салт-дәстүрі бойынша ұзатылуды қалапты.

Бақытжамал Максилова, «Нұр ана» ҚБ төрағасы:

Ең біріншіде біз ойлап қалдық: бұл қалай енді. Орыс баласы келіп түр. Содан кімге тұрмысқа шығатынын сұрап алдық. Кәдімгідей сырға салып, құда күтіп, осы Иннамызды шығарып салғанбыз. Ең қазақта айтады ғой: салт-дәстүрін сақтамаған, ана сүтін ақтамағанмен бірдей дейді. Осы Иннамыз мен қазақтың салт-дәстүрін сақтаймын дегеннің өзі үлкен мәртебе болды. Осы бала үш жасынан жетім өскен бала. Бірақ та біз оны жетім қылмаймыз. Біздің елде жетім бала жоқ.

Бүгінде Инна мен Иван Оспановтар Екібастұз қаласында тұрады. Екі баланы тәрбиелеп отыр. Ақ жаулықты аналар биыл мектеп табалдырығын аттағалы жатқан Камила есімді қызға тілашар тойын жасап, ал екінші нәрестелерін қырқынан шығарды.

Иван Оспанов, Инна Оспанова, Екібастұз қаласының тұрғындары:

Біз қазақ халқының барлық салт-дәстүрін ұстанамыз. Анам орыс болғанымен, әкем қазақ. Жарым дәстүр бойынша ұзатылды. Бүгін дүбірлі той ұйымдастырылды. Барлық атсалысып жатқан жандарға алғысымызды білдіреміз.

Бақытжамал Максилова, «Нұр ана» ҚБ төрағасы:

Біз ұлтына, түріне, көзінің көк-қарасына бөлмейміз. Сондықтан елімізде ұлтқа бөлінбей, бірге болайық. Себебі біздің тарихымыз бір, жүрегіміз бір, шаңырағымыз бір.

«Нұр ана әлемі» бірлестігі аналардың ғана емес, барша қауымның тәрбиесі мен құндылығын қалыптастырып келеді. Бірлестікке мүше жасы үлкен әжелер әрқашан елдің тыныштығы мен амандығын тілеуден еш жалыққан емес.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...