ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

19:57, 29 сәуір 2021

Қазақстанда осы жылдың 1 шілдесінен бастап Техникалық реттеу туралы заң күшіне енеді. 2014 жылдан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне осы функцияларды беру салдарынан тауарлардың сапасы мен сәйкестігіне қатысты тексеру жүргізілген жоқ. Енді жаңа Заң енгізілгеннен кейін азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектерден басқа тауарлардың белгілі бір тізіміне мемлекеттік бақылау жүргізіле бастайды.

Бұл заң азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айқындық пен тәртіп енгізеді. Осылайша, кәсіпкер барлық рәсімдерден өтіп, тауардың қауіпсіз және техникалық реттеу саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына сай келетінін дәлелдеуі тиіс. Егер сәйкестік расталмаса, өнімді әкелуге және сатуға тыйым салынады.

Әлібек Әлібаев, техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінің басшысы:

Жаңа енгізілген заң жобасы - бұл өнімді алып тастауға жатады. Егер таңбалау кезінде заң бұзушылық болса немесе сертификат болмаса, онда бұл олқылықтарды жойғанға дейін уақытша сипатта болатын айналымға шығаруға тыйым салу.

Облыс прокуратурасы балалардың ойын аттракциондарына қатысты үндеу жолдады. Кәсіпорын аттракциондар әкелген, бірақ сертификаттау жүргізілмеген көрінеді. Тауар Қазақстанға келгенде, ол шартты түрде 60 күнге ғана шығарылады. Осы күндер ішінде кәсіпкер тауарға байланысты сертификаттау немесе декларация жүргізуі керек.

Әлібек Әлібаев, техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінің басшысы:

Бұл кәсіпорын жоғарыда айтылған талаптарды сақтамаған. Біз әкімшілік айыппұл салдық. Кейін белгілі бір уақыт өткен соң, шамамен 1,5-2 айдан соң аталмыш кәсіпорын осы қателікті тағы да қайталаған. Біз хаттама толтырып, сотқа жібердік. Сот әкімшілік айыппұл төтету туралы шешім шығарды. 

2020 жылы Департаментте әкімшілік құқық бұзушылық туралы жеті хаттама толтырылып, көлемі 400 мың теңгеден астатын екі айыппұл салынды. Төрт материал сотта қаралды. Мемлекет қазынасына түскен түсімнің жалпы сомасы 1,5 млн. теңгені құрады.

 

Әсем Бекмұрза, Зұлқарнай  Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
21:25, 13 мамыр 2021
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...