ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ТЕГІН ЕТ ҮЛЕСТІРІЛДІ

11:30, 13 мамыр 2020

Шаһардағы карантинге алынған үйлерге әкімдік тарапынан азық-түлік жеткізіп беру әлі де жалғасып жатыр. Қайырымдылық танытқан демеушілердің көмегімен оқшауланған тұрғындарға ет өнімдері тегін таратылды.

Қазіргі уақытта шаһарда 5  көп қабатты тұрғын үй, яғни 133 отбасы оқшауланған карантинде отыр. Қиын жағдайға тап болған жандарға демеушілер барынша қол ұшын созып келеді. Бүгін үнемі қайырымды іс жасап жүрген Рустам Ибрагимовтың қолдауымен әр отбасыға 3 келіден тауық еті үлестірілді.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

Бұл демеуші  бізге үнемі азық түлікпен  қолдау көрсетеді. Біз Мир 54/1 үйі карантинге жабылғаннан бастап көмекті қолға алдық. Одан кейін де қайырымдылық ісі жалғасып келеді. Бізге, біздің партияға қала ішіндегі белсенді жан болып есептеледі. 

Карантин режиміне алынып оқшауланған үйлерге қайырымды жандар мен әкімдік тарапынан қолдау үнемі көрсетіліп келеді. Бұл қиын қыстау кезеңде тұрғындар үшін үлкен көмек.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...