ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тазалық жұмыстары жалғасуда

22:26, 3 мамыр 2022

Өткен демалыс күндері қалалық сенбілікке бір жарым мыңға жуық адам шықты. Облыс орталығының шығыс бөлігі қоқыстан тазарту үшін 45 камаз көлігі мен 23 жүк тиегіш техника жұмылдырылған.

Малайсары батыр көшесіндегі №53 және 55 үйлер арасы құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыстарға толы. Бұл аумақ бірнеше жыл ішінде нағыз күл-қоқыс полигонына айналған. Жергілікті тұрғындар бұл мәселемен түрлі құзырлы мекемелерге жүгінген болатын. Олардың сұрақтары жауапсыз қалмады. Қала тұрғындары қолдарына қап, күрек алып аумақты тазалауға шықты.

Илья Теренченко, "AMANAT" партиясы ПОФ атқарушы хатшысы:

Біз қаланың шет аймақтарын тазартуымыз қажет. Қаламыздың нақты бұл аймағынан тұрғындардың өтініштері көптеп түседі. Сонымен қатар, бұл жерде абаттандыру жұмыстарын да жүргізу жөн.

Өңір басшысы аумақты аралай келе осындай ауқымды жер  рекреациялық аймақ ұйымдастыру үшін өте қолайлы екенін атап өтті.

Әбілқайыр  Скақов,  Павлодар облысының  әкімі:

Егер біз қазір осы  аумақты тазалап, жинастырып алсақ, уақыт өте келе бұл жерде саябақтар мен демалатын орындар салуға болады.  Себебі бізде қалада мұндай жер жоқ. Қазір көптеген экологтар  саябақтарға қол тигізбеуді сұрайды. Ал жаңа саябақ салатын болсақ сондағы салынатын жасыл желектердің өмір сүру деңгейі басқаша болады.

Тұрғындар да бұл аумақта саябақ болғанын қалайды. Қала әкімі Асайын Байхановтың айтуынша бұл мәселе жиындарда бірнеше рет тақыланған болатын.

Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Біріншіден, мұнда тәртіп орнату керек, содан кейін болашақта бұл жерді кезекті полигонға айналдырмас үшін кіре берістерді мүмкіндігінше жабу керек, ал үшіншіден, біз жобалаушылармен және геодезистермен бірге осы учаскені зерттеуіміз қажет.

Сенбіліктен кейін тазалық шараларын жалғастырған жөн. Бұнда инфрақұрылым мен контейнерлік алаңдар орнатылады. Облыс әкімі жергілікті тұрғындарға тазалықты қадағалап, полигондардың пайда болу фактілері анықталған жағдайда құзырлы органдарға хабарлауға шақырды.

 

Әйгерім Тоқпанқызы, Александр Логвин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар