ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТАРИХТЫҢ ТАРҒЫЛ БЕТТЕРІНЕ САПАР

19:08, 14 сәуір 2021

Ашаршылық пен саяси қуғын- сүргінге ұшыраған құрбандар жерленген зираттарды іздеу, зерделеу мақсатындағы республикалық комиссияның облыстық экспедициялық зерттеу тобы өңірдің түкпір-түкпірін аралауда. Аталған делегация киелі Баянауыл өлкесіне де сапар шекті. Әулие Мәшһүр Жүсіп кесенесінен басталған сапар құрбандар қорымын аралап, көнекөз ақсақалдардан құнды мәліметтер жинаумен жалғасты. Экспедициялық топпен іссапарға барып келген әріптесім әңгімелесін.

Гүлсара Мәлікова, тілші:

Экспедициялық-зерттеу тобының қасиетті Баянауылға сапары әулие Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аруағына тәу етіп, дұға бағыштаудан  басталды.  Ұлы ойшылдың да содыр саясаттың сойқанын көріп, зардабын шеккенін көзі қарақты көрермен жақсы біледі. Оған  «Бес жаста «бісмілла» деп жаздым иә хатты, бұл тағдыр жастай маған тиді қатты» деген кемеңгердің өз сөзі дәлел. Әмбебап тарихи тұлға дүниеден өткен соң  бассыздық тіпті өршіген.

1952  жылы «Социалистік Қазақстан» газетіндегі  қаралау мақаласынан кейін ғұламаның мұрасын оқуға, насихаттауға тыйым салынды. Ең сорақысы кесенесі қиратылды. Әулие қазақты қынадай қырған аштық пен тәркілеудің болатынын да қолмен қойғандай болжап кеткен.

Қажымұқан Пазылұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының немересі:

Өзі 1931 жылы   ноябрде қайтыс болған. Сонда бұл кісі сентябрьде осы үйін салып бітіріп ол кісі өзінің қырқы жылы берйілмей қалатынын білген сол кезде. Сонда сентябрь айында халықты жинап өзінің үшін, жетісін, қырқын береді.

Нәубет кезеңде қайтыс болған жандардың мүрделері ауылдағы бұлақ маңында жатқанын қариялар айтып кетіпті. Ал іргедегі өзеннің жарынан Қажымұқан Пазылұлы бала  кезінде қатар жерленген адамдардың бас сүйектерін көрген. Ол аштық жылдары опат болған құрбандардың мүрдесі көрінеді.  Жазықсыз құрбандардың сүйектері ақыры өзен суымен ағып кеткен.

Қажымұқан Пазылұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының немересі:

Әкейлер айтып отыратын осы бұлақтың маңайы толған өлік. Өтіп бара жатқан кісілер ешкім-ешкімге қарамайды дейді. Былай да былайда өтіп жатқан халық. Ешкім ешкімге кірмейді. Бұлақтан су ішіп, нашарлағандар бетін жасырып қана кетіп қалды дейді.  Сонда бізге ұрсатын мына жерге ойнамаңдар мына жерде мәйіт жатыр деп.

Сұрқай саясаттың кесірінен қанға бөккен ұлы даланың өксігіне құлақ түріп, атаусыз қалған арауақтардың жатқан жерін анықтау үшін зерттеу тобы баянауылдық абыз Зекебай Солтанбайұлына жол тартты. Жоқ іздеушілерді құшақ жая қарсы алған қазына қария тарихтың қатпарын ақтарып, құнды мәліметтер берді.

Зекебай Солтанбайұлы, ақын, ұстаз, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі

Әйтеуір ашаршылық атадық бірақ аурудың бір.

Экспедициялық топ, сондай-ақ баянауылдық өлкетанушылармен жүздесті. 90 жылдан асса да әлі саяси баға берілмеген тәркілеу мен ашаршылық, саяси қуғын-сүргіннің зардабы талқыланды. Жота безіп, қыр асқан қазақтың мұңы айтылды. Жергілікті тарихтың білгірлері өздерінің жинаған деректерімен, ел аузымен жеткен әңгімелермен бөлісті. Белгілі өлкетанушы ашаршылық жылдары 5-6 жастағы бала болған Қалиолла ақсақалдың естелігін жеткізді.

Алтынбек Құрманов, «үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері:

Тамбы ауылына келдік аялдайық деп әкем мен шешем көмдік дейді.

Баянауылда аштықтан қырылған құрбандар  зиратының 5-не білгі орнатылған. Ол қорымдарда қанша адамның жерленгені, кімдер екені белгісіз. Аштық өзгегіне түсіп, жаназасыз жерленген аяулы жандарға дұға бағышталды. Жиналған мәліметтер бойынша алдағы уақытта интерактивті карта жасап, кітап шығару, атаусыз қалған жандарға ескерткіш орнату жоспарлануда. 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ
18:13, 13 мамыр 2021
ӨҢІРДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР
18:08, 13 мамыр 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...