ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тарих - әділ айтылуы керек

22:01, 25 мамыр 2022

Мамыр айының соңында барша Қазақстан халқы өткен ғасырдың нәубетін еске алады. Аштық жылдары мен саяси қуғын-сүргін кезеңдерінің қазақ халқына әкелген қасіреті жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Алайда, әлі де ашылмағаны көп. Бүгін Ертіс музейінде тарихшылар мен өлкетанушылар жас буын өкілдерімен кезедсіп, ақтаңдақ жылдардың шежіресін баяндады.

Жиырмасыншы ғасыр дүниежүзілік соғыстар мен төңкерістер ғасыры болғаны баршаға мәлім. Жер шарын шарпыған оқиғалар қазақ халқында айналып өткен жоқ. 17-жылғы төңкеріс, екі рет қайталанған аштық, ререссия мен соғыс, тың игеру деген желеумен қазақ даалсына келімсектердің көптеп қоныстандырылуы. Салдарынан қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналды.

Қайролла Қаженов, өлкетанушы:

Жиырма бесінші жылы ел басына Голощекин деген келіп кіші октябрь ұйымдастырамын деді. 25 мың адамды бай-куалг деп кәмпескелеп, мал-мүлкін тәркіледі. Қаншама интеллигенция атылып кетті.

Шараға студенттер мен жастар өкілі қатысып, өткен тарихтың қасіретті шежіресіне құлақ қойды. Сол уақыттағы әділетсіздікке, кәмпескеге, репрессияға ұшыраған жандар жайлы құжаттардың көрме ретінде ұсынылды. Жастар болса тарихтың осы кезеңі жайлы мағұлматтарды бұрыннан білетіндіктерін айтады.

Толғанай Бейсенбі, студент:

Саяси қуғын-сүргін деген халқымыз үшін ауыр тақырыптардың бірі. Осы тақырыпен осы күнге дейін де таныс болғанмын. Тарих мамандығында оқығаннан кейін бұл тақырыпты егжей-тегжейл түсіндіріп берген болатын біздің ұстаздарымыз.

Қазіргі уақытта саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмыс жасауда. Қауіпсіздік комитеті департаменті, облыстық архив, полиция департаментіндегі мұрағаттардағы сол кезеңге қатысты құжаттар саралануда.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар