ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Таланттар тайталасы

20:36, 2 желтоқсан 2021

Көңілді әндер мен лирикалық композиция, ыммен ән айту. Павлодарда «Таланттар тайталасы» байқауының екінші кезеңі аяқталды. Конкурс айрықша қамқорлықтағы жандар арасында ұйымдастырылды.

Бұл байқаудың бірінші кезеңі 22 - қараша күні өткен. Ал, бүгін екінші кезеңге ең үздіктер жетіп отыр.

Жанар Әйткенова, еріктілер орталығының жетекшісі:

Облыстық талантар байқауы бізде екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Биыл жиыны 17 талант қатысты. Олардың 10-ы бүгінгі финалдық кезеңге қатысуда. Барлығы мүмкіндігі шектеулі балалар, арнайы оңалу орталығының тәрбиеленушілері.

Қатысушылар өздерінің ата-аналарымен және тәрбиешілерімен, сондай-ақ, еріктілермен бірге дуэт құрып өнер көрсетті. Талантты Сергей Жуков көпшілікті өнерімен тәнті етті.

Екатерина Жукова, Сергей Жуковтың анасы:

Біз ыммен ән айтқандықтан, қиынға соқты. Мен айттым, балам қайталады. Балама аутизм диагнозы қойылған. Тек 12 жасынан бастап қимылдай бастады. Басқаларға білінбес, маған өте қиын.

Жеңімпаздардың бірі Әділхан Қыпшақовқа үздік болу таңсық емес. Ол өткен жылы да «Таланттар тайталасы» байқауының жеңімпазы болған.

Әділхан Қыпшақов, байқау қатысушысы:

Бірінші орын алған өте керемет. Мені жеңімпаз ретінде өнерімді бағалағандардың бәріне алғыс айтамын.

Байқауға қатысқандардың бәрі жеңімпаз. Сондықтан, барлығына бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

 

Жанасыл Серікбол, Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...