ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Табиғатты аялайық!

10:59, 20 қазан 2021

Қоғамдағы кез келген тұрғын жасына қарамастан экологиялық сауатты болуы керек. Себебі бәріміз қоршаған ортаға жауаптымыз. Дөңгелек үстел барысында экологиялық проблемалар ортаға салынды.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаның жағдайы бәрімізді алаңдатады. Сондықтан экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында кез келген тұрғынның пікірі жасына, мамандығына қарамастан маңызды. Жастар мен үлкен буынның өкілдері жиналып, экологияның басты мәселелерін талқылады.

Русана Сәмекова, «Жасыл Ел» Павлодар облыстық штабының командирі:

Біз жастармен алдыңғы буын ағаларымызды жинадық. Бұл алдыңғы буын өзінің кеңесімен, ойымен бөліссін деген мақсатта жасалып отыр. Жастар өз жобаларын ұсынады.  

Залда оқушылар мен студенттер көп жиналған. Олардың барлығын қоғамға, қоршаған ортаға деген жауапкершілік біріктіріп отыр. Арина Краскова да «Пайдалы жапырақ» жобасында кеуіп қалған жапырақтарды қайта өндеп, эко-кесектер жасауды ұсынады. Оны жанармай ретінде қолдануға болады дейді.

Арина Краскова, студент:

Жапырақтарға қоқыс ретінде ғана қарамау керек, ол бағалы металл. Жапырақтар арқылы ағаштардың кесілуін, пайдалы  қазба байлықты өндіруді азайтуға болады.  

Жастар арасында табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру ұзақ әрі аса ауыр процесс. Бірақ оны бала кезден бастаған маңызды дейді мамандар.

 

Самал Қалиқызы, Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...