ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу

22:52, 16 маусым 2021

Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында субсидиялық және сыбайлас жемқорлық туралы ауқымды отырыс өтті. Жиынға облыс басшылығы мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

Шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, бас прокуратура, ауыл шаруашылығы министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар бірлесе  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау жөніндегі көптеген мәселелерді талқылады.

Ардақ Балғожин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Бұл жұмысты біздің департамент аумақтық «Атамекен» палатасымен бірлесіп жүргізеді. Ауыл шаруашылығы өндірушелері айтатын шағымдары бойынша жұмыс істеп, шешім қабылдаймыз.»

Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өзара байланыс болу  үшін  арнайы телеграм-арна ашылды. Онда олар өз ұсыныстарын, ескертулерін, шағымдарын жаза алады. Бұдан бөлек  жұмыс барысында кездесетін маңызды проблемалармен бөлісе алады. Сондай-ақ, ведомства отырыс қорытындысы бойынша әрбір субсидияға төлқұжат жасалады. Онда сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары мен  проблемаларды шешу жолдары көрсетілетінін атап өтті.

Ардақ Балғожин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Соңында біз өз ұсынысымызды жібереміз. Бұл жұмыс еліміздің барлық облыстары бойынша жүргізілуде.

Айта кетейік, осы айда  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден ұсыныстар жинау, олармен бірселіп жұмыс істеу  бойынша  мониторинг жасалынады. Жауапты мамандар  шілде айында тапсырмалардың орындалу барысын қадағалауды жоспарлап отыр. Жұмыс нәтижесі осы жылдың күзінде белгілі болмақ.

 

Әсем Оразбекқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...