ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Суға түсу маусымы ашылады

21:56, 24 мамыр 2022

Павлодарда суға түсу маусымын келесі айдың 10 күні ашу жоспарланып отыр. Осы кезеңде қала тұрғындарының ең көп баратын орындардың бірі - орталық жағажай.

Қазір халыққа ыңғайлы болу үшін аумақ абаттандырылып, құрылыс басталды. Бұл жұмыстарға қалалық бюджеттен 54 млн теңге бөлінген.

Жансерік Қапзолла, Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы: 

Орталық жағажайды аббаттандыру кезінде 2.500 м3 көлемінде құм әкелінеді. Қазіргі уақытта 500 м3 жеткізілген. 264 дана шезлонг, 60 күннен қорғайтын қалқан, 90 метр көлеңкелі шатыр, алты киім ауыстыратын орын, бес жуынатын орын,  төрт  су бұрқақ, бес  бақылау мұнарасы, үш қоғамдық дәретхана, бес қоқыс алаңы (15 контейнер) орнатылады. Сондай-ақ, өзенге ерекше қажеттіліктері бар адамдардың түсуіне арналған екі арнайы арба, әрқайсысының ұзындығы 75 метр болатын 2 серуендеу пирс қарастырылған, олардың біреуі халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін арнайы бейімделеді. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар адамдардың түсуіне арналған екі арнайы арба сатып алынды. Биылғы маусымда орталық жағажайда құтқару қызметі жұмыс істейді, моторлы қайықтар жұмылдырылатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар