ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

12:54, 14 мамыр 2020

Өңірімізде суға шомылу маусымына дайындық басталып кетті. Биылғы жылы шомылу кезеңі 1 маусымда ашылады деп жоспарланған. Алайда, карантиндік ережелерге байланысты кейінгіге шегерілуі мүмкін. Дегенмен, құтқарушы мамандар – катерлер мен үрмелі қайықтарын әзірлеп жатыр. Шомылу маусымында құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.

Жаздың ыстық күнінде бос уақытын жағалауда өткізіп, салқындағысы келетіндердің қатары көбейе түседі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындардың кесірінен кей жағдайда қайғылы оқиғаларда ұшырасып жатады. Өткен жылы 33 адам суға кетсе, оның 10-ы балалар болды. Мамандар, оқыс оқиғаларды алдын-алу үшін биыл мықтап дайындалуда.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖ департаментінің бастығы:

Әдейі жоспар жасалып, жүргізіліп жатыр. Жағалаулар дайындалуда. Бұдан басқа, облыс әкімінің тапсырмасымен 3 жылдық жол картасы жасалуда. Бұл халықтың қамтамасыз етілу жағдайына байланысты – суға түсетін жағажайларды көбейту, көгалдандыру және басқа да жұмыстарын жүргізу бойынша.

Бекітілген жоспар бойынша облысымызда рұқсат етілген 33 жағажайға шомылуға болады. Оның үшеуі Павлодар қаласында. Атап айтсақ, Усолка шағын ауданында, орталық жағалауда және тағы бір жеке жағажай бар. Сонымен қатар, Екібастұз және Ақсу өңірлерінде шомылу орындары ашылды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар