ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Су жиналған көшелер көп

19:29, 1 тамыз 2022

Бірнеше күнне бері өңірге жаңбыр молынан жаууда. Әрине, көптен жаңбырдың жерге берері көп. Шаруалар да, өзге тұрығдар да салқын күнді күткелі көп болды. Алайда, жаңбыр жауғалы бері қала көшелерінде су молынан жиналып, көлік қоғалысына ыңғайсыздық тудыруда.

Жаңбыр суының молынан жиналып қалған жерлері жайлы әлеуметтік желі де тұрғындар да жазып жатыр. Біздің түсірілім тобы куә болған Назарбаев көшесінің бойын да ұзыннан жиналған су аялдаманы жауып тастаған. Жаяу жүргіншілер өткелінен де адамдар өте алмай, өзге жерлер арқылы айналып жүргуе мәжбүр. Автобсу та аялдамаға емес, аулағырақ орынға тоқтап жатыр. Десе де, тұрғындар ыстықтан шаршағандықтан жаңбыр суының әуресіне шыдауға болады деп отыр.

Павлодар қаласының әкімдігі көшелерді судан тазалу жұмыстарын тоқтаусыз жүргізіп жатқандығын айтады.

Жансерік Қапзолла, қала әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы:

Қазіргі уақыттта Павлодар қаалсында жаңбыр суын сорып шығару жұмыстары жүруде. Жұмыстар қаланың ең төменгі су басқан үктелерінде басталды. Жалпы жұмыстар жүргізілуде.

Су шығару жұмыстарына 12 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыс су шығарылып болғанша жалғасады.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...