
Павлодар колонияларына орнатылған электрондық терминалдардың саны артты. Сотталғандар түрме әкімшілігінің көмегінсіз өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге, оның ішінде бейнеөтініш жіберуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, түрме мекемелеріне 718 бейнебақылау камерасы қойылды.
Ержан Досымжанов, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:
Қылмыстық-атқару мекемелеріндегі азаптауларға қарсы іс-қимыл мәселелері прокурорлық қадағалаудың басымдығы болып табылады. Биыл облыс колонияларындағы қадағалау шараларымен электрондық терминалдардың саны артты. Бұған дейін тек 5 электрондық терминал болса, қазір олардың саны 12-ге жетті. Биыл тағы қосымша 2481 камера орнатылады. Барлық көрінбейтін жерлер толық қамтылады, бұл кез келген заңға қайшы әрекеттердің жолын кесуге мүмкіндік береді.
Аяулым Рахымжанова